Түркістан: Мерекелі Мәуліт кеші өтті

Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық мешіттің ұйымдастырумен Сарыағаш мәдениет үйінде «Адамзаттың асыл тұлғасы» атты мәуліт рухани мерекесі аталып өтті. ЛЭД экранда «Алла Елшісіне сағыныш » атты бейнесюжет көрсетілді. 

Мәуліт мерекесіне ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы Алау Әділбаев Шайқымұлы, ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, Түркістан облысы бойынша  өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді, облыс наиб имамдары Сүлеймен Молдатілеуұлы, Мұстафа Қалжанұлы, Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары Ахметжан Керімбек, облысқа қарасты аудан бас имамдары, аудандық ішкі саясат бөлімінің  басшысы А.Қозыбаев, қала төбе биі Р.Оспанов, зиялы қауым өкілдері, аталар-әжелер,студенттер, аудан  имам-молдалары,  жер-жерлерден келген қонақтар қатысты. Әуелі Алланың аяттары оқылды. Құранды  Сарыағаш медресесінің шәкірті Б.Асқарұлы оқыды.        

Наиб мүфти Алау Шайқымұлы халықты мәуліт мерекесімен құттықтап, Пайғабарымыздың өнегелі өмірінен уағыз айтты.  Ал бұдан кейін сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев, қала төбе биі Р.Оспанов халықты мәуліт мерекесімен құттықтады. Алматы қаласынан арнайы келген танымал әнші Сержанәлі Әлібек діни ән айтты. Медресе шәкірті Ескендір Бәйдібек бауырымыз терме орындады.

Халыққа 400 дана түрлі тақырыпты кітаптар  таратылды.

Мерекелік іс-шараның соңында ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі А.Ұтысханұлы Мәуліт мерекесінің осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына дән ризашылығын білдіріп, ҚМДБ-ның атынан мұқтаж отбасына қаржылай көмек көрсетті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін