ШЫМКЕНТ: Мәуліт мерекесі қорытындыланды

Биылғы жылы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен қасиетті Мәуліт мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Мәуліт мерекесін қорытындылай келе, қала бойынша 67 мешітте мәуліт  хұтбасы оқылып, 15600 жамағатқа мерекелік дастархан жайылып, ас берілді. Жергілікті әкімдік пен бірлесе отырып 113 орында мерекелік баннерлер ілінді.

Жылдаңы дәстүрге сәйкес, «Қазақстан халқы ассамблеясы» ғимаратында “Біз сені бүкіл әлемге тек мейірімділік жаршысы етіп қана жібердік” атты рухани кеш ұйымдастырылып, оған 800 адам қатысты. Онда «Қарекет» қайырымдылық қорымен бірлесіп көпбалалы бір  отбасыға баспана кілті табыс етілді.

Мұнымен қатар, қайырымдылық негізінде 137 отбасыға азық-түлік таратылды.

Сондай-ақ, жас шәкірттерімізді ынталандыру мақсатында  Діни сауат ашу ДСАК кустары арасында 30-шы пара бойынша Құран жарысы ұймдастылып, оған 50  жас қари қатысты. Оларға жалпы құны 250 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.

Іс-шара аясында «Оңтүстік», «Отырар», «Айғақ», «ТВК» телеарналары мен «Оңтүстік» радиосына тікелей эфир арқылы 19 рет сұқбат берілді.

Қасиетті мәуліт айында көпшілікті «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы 1800 дана, «Әдептілік» кітабы 150 дана, «Бақытты отбасы болудың негіздері» кітабы 100 дана, «Намаз үйренейік» кітабын 1000 данасы тегін таратылды.

Жалпы, өткізілген шараларға 56 700 жамағат қатысты. Қасиетті айда үлес қосқан барша азаматтарға Алла разы болсын!

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін