«Әзірет Сұлтан» мешіті 60 отбасыға азық-түлік таратты (ФОТО+ВИДЕО)

Қашанда қайырымдылық шараларының ұйытқысы бола білген респбуликалық «Әзірет Сұлтан» мешіті Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Астана қаласындағы мұқтаж отбасыларға жәрдем қолын созып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жыл басында іске қосылған «Мейіріміділік мекені» жобасы аясында жүзеге асырылып келе жатқан қайырымдылық шарасының шарапаты бұл жолы 60 отбасына қамтыды.

Шара барысында Астана өкілдігі бойынша қайырымдылық жұмыстарына жауапты «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Руслан Сұлтанов мұқтаж отбасыларға азық-түлік қорын таратып қана қоймай, рухани қолдау білдіріп, мейірімділіккке үндеген насихат жүргізді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін