Тілдік нұсқа
Радио

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ - ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕСУДЕГІ БАСТЫ ҚҰРАЛ

"Терроризм идеяларын жою үшін бір кісідей жұмылу,

саяси қайраткерлердің, діни жетекшілердің,

қоғамдық пікір көшбасшылары мен бұқаралық

ақпарат құралдарының ағартушылық бағыттағы

кең ауқымды жұмысын жүргізу аса маңызды»

Н.Назарбаев,  «Діндер терроризмге қарсы»

халықаралық конференциясы, мамыр 2016 ж.

                                                                                                            

Бүгінде ел аумағындағы діни кеңістікте мемлекет қауіпсіздігінің барлық жүйесіне жасырын немесе жария зияндылығын тигізіп жатқан дәстүрлі емес деструктивті ағымдардың кең таралу мәселесі өршіп тұр.

2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігі діни уәжденген экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде өткізуде. Бірлестіктің негізгі мақсаттары:

  • Елбасының ішкі-сыртқы саясатына,  азаматтық мемлекет құндылықтарына құрметпен қарайтын көзқарас, бейбіт және тағатты сана, қазақстандық патриотизм қалыптастыру, ұлттық, тарихи құндылықтарды үгіттеу;
  • Конфессия, ұлт, этносаралық төзімділікті, азаматтық келісімді, саяси тұрақтылықты және діни сұрақтарда тек қана ҚМДБ фәтуалары мен шешімдерін негізге алу керектігін насихаттау;
  • Қазақстандықтардың санасында деструктивті жалған діни ағымдардың идеологиясын қабылдамайтын иммунитет қалыптастыру;
  • Ксенофобты, агрессиялы, радикалды діни сенімдер мен идеологиялардың болмысы мен зиянкестігін ашып көрсету;
  • Қазақ халқының ұлттық, діни, дәстүрлі, рухани құндылықтарын сақтау әрі дамыту;
  • Діни сұрақтарда тек қана ҚМДБ фәтуалары және шешімдерін негізге алуды насихаттап, адасқан ағымдардың идеологиясын ата-бабаларымыз ұстанған (Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, т.б) Әбу Ханифа мазһабынан концептуалды түрде ажыратып беру;
  • Діни кеңістіктегі сұрақтарды реттейтін заңнамаларды қоғамға ашып түсіндіру.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші бөлімінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ағымдағы жағдайды талдау арқылы экстремистік және террористік мазмұндағы материалдардың, соның ішінде Интернет желісінде таралуына қарсы іс-қимыл жүйесінің жетілмегендігі осы саладағы жұмыстардың осал тұстарының бірі ретінде белгіленді. Белгіленген әлсіз тұсты бейтараптандыру және интернет-кеңістікте идеологиялық бағыт-бағдар беру мақсатында бірлестік тарапынан:

1.    Діни мазмұндағы сайттарға контент-талдау;

2.    Деструктивті ағымдардың идеяларын жоққа шығаратын дәстүрлі Ислам туралы ақпараттарды кең ауқымда жариялау;

3.    Конференцияларға, диспуттарға, блогтарға қатысу жүйелі түрде іске асырылды.

Бірлестің негізгі қызметі жоғары да аталған Бағдарламаны іске асыру болғандықтан, қоғамда діни тағатты, бейбіт сананы қалыптастыруға арналған іс-шаралары нысаналы индикаторларына қарай екі түрлі (діни және азаматтық) аудиторияға бағытталған. Діни аудиторияның өзі дәстүрлі Ислам (Ханафи мәзхабын ұстанушы) джәне деструктивті жалған діни ағымдар өкілдері деп бөлінеді. Деструктивті ағым өкілдерін дәстүрлі Исламға қайтару ғылыми форматта төрт сатылы дәлелемелік негізбен жасалып, түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Қасиетті Құранның аяттары, хадистер, Ислам әлемінің іргелі ғалымдары мен қазақ ағартушыларының, оның ішінде Абай Құнанбайұлы, Мәшһүр Жүсіп, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы еңбектері негізінде радикалды ағым өкілдерінің ұстанымдары теріске шығарылды. Нысаналы жұмыстар белгілі бір аумақтың діни ғимараттарында, оқу орындарында, мектептерде, сонымен қатар үйде немесе басқа да ыңғайлы жағдайларда орындалды. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелілігін арттыру мақсатында, деструктивті ағым өкілдерінің ата-аналарымен де мерзімді түрде кездесулер өткізіліп тұрды.

Деструктивті ағымдарға өтуді болдырмау мақсатында ел тұрғындары, оның ішінде жастар, діни негіздегі радикалдық идеологияға бейім және ұшыраған азаматтарға, интернет-аудиторияға, діни рәсімдерді орындайтын адамдарға экстремизм мен терроризм идеяларын қажетсінбейтін сананы қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын алу жұмыстары іске асырылды.

Айта кететін жайт, дәстүрлі діннің негізгі қағидаларын азаматтардың, әсіресе жастардың санасына қалыптастыру тек мешіттерде ғана емес, жоғары білікті мамандар мен дінтанушылардың көмегімен әрбір адамның отбасында, оқу орындарында, еңбек ұжымдарында, спорт клубтарында, аталмыш салада қызмет ететін қоғамдық бірлестіктерде, яғни азаматтық қоғамның барлық сегменттерінде жүйелі түрде орындалды.

Бірлестік ұжымы еліміздегі ислами білім беретін ЖОО-ды тәмамдаған білікті теологтардан тұрады. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жолы-2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» атты Жолдауын жүзеге асыру, халық арасында діни және құқықтық түсінік қалыптастырып, салафизм-ваххабизм ағымының радикалды идеологиясының таралуын тоқтату және де қоғамда деструктивті діни сенімдерге қарсы тұра алатын ішкі фильтр, иммунитет орнату мақсатында жүйелі жалпы профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Елбасы өз сөзінде бүгінде Интернет пен жоғары дамыған технологиялар заманында ақпараттық ағын өте мол және күрделі болғандықтан, әр адамның ішінде «фильтр» болуы керектігін атап айтып өткен болатын.

Осы орайда қоғамдық бірлестік келесідей іс-шараларды атқарды:

•              Азаматтық аудитория үшін: үш күндік оқыту семинарлары, кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар;

•              Дәстүрлі Исламның ханафи мәзхабын ұстанатын діни рәсімдерді орындайтын адамдар үшін: діни сенім (ақида) бойынша сабақтар.

Мемлекеттік пен әлеуметтік тапсырыстардың шеңберінде және дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау мақсатында 2014-2016 жылдар аралығында Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Қаражал, Ақтоғай қалаларында, Нұра мен Абай аудандарында біршама іс-шаралар өткізілді, жалпы қамту аудиториясы 38121 адамды құрады.

Азаматтық аудиториялар үшін:

Семинарлар, тренингтер, кездесулер, конференциялар (адам саны):

  • Студенттер, оқушылар – 8853;
  • Мемлекеттік қызметкерлер – 7321;
  • Еңбек ұжымы – 8566;

Діни аудиториялар үшін (шамамен):

Жеке мекен-жайлық жұмыстар (ДЖДА өкілдері):

  • Түзету мекемелері  – 618;
  • Білім беру ұйымдары, бизнес құрылымдар – 883;
  • Бейімделгендер (агрессиялы-ксенофобты көзқарастардан арылту (кейбіреулер үшін уақытша) – 137;
  • Дәстүрлі исламның Ханафи мәзхабына өткендер – 100;
  • Ақида сабақтары – аптасына 2-3 рет өтті, 50 адамға дейін қамтылды.

Мекен-жайлық жұмыстар:

  • 22 кездесу, жалпы қамтуы – 40 адам.

Семинарлар, тренингтер, кездесулер, конференциялар (Дәстүрлі ислам өкілдері):

  • Мешіттер (облыстық орталық мешітпен бірігіп, бас имамның қатысуымен) – 9663 адам;
  • Білім беру ұйымдары (студенттер, оқушылар, ұстаздар) – 2217.

ДЖДА өкілдерінің жалпы саны (Қарағанды облысы бойынша) 1600 адам, оның ішінде:

- Бейімделгендер (агрессиялы-ксенофобты көзқарастардан арылту (кейбіреулер үшін уақытша) – 330;

- Дәстүрлі исламның Ханафи мәзхабына өткендер – 100;

- Сотталғандар – 115;

- Соғыс алаңдарына кеткендер – 77.

Жасалып шығарылған баспа материалдары (дана):

  • Діни экстремизм профилактикасы жөнінде әдістемелік құралдар 4416;
  • Діни экстремизмнің өзекті мәселелері жөнінде брошюралар 8482;
  • Діни экстремизмді алдын алуға арналған бүктемелер 27255;
  • Қоғамға экстремизмнің заласын насихаттауға бағытталған қалта күнтізбелері – 7500;
  • Діни экстремизмнің актуальды мәселелері жөнінде плакаттар – 850;

Барлығы – 74908.

БАҚ-тағы жарияланымдар:

  • Бейнероликтер – 8;
  • Мақалалар – 21;
  • Сұхбаттар – 29;
  • Бағдарламалар – 19.

Барлығы - 77.

Бірлестік іске асырған профилактикалық жұмыстар мен олардың әдістемелері көптеген Орталықтармен жоғары бағаланды.

Осылайша, жалпы жұртшылыққа, соның ішінде діни рәсімдерді орындаушыларға қазақ халқының тарихы мен дәстүрлі исламның маңыздылығын жеткізуде біздің бірлестік айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Профилактикалық жұмыстардың тиімділігінің дәлелі ретінде, әрбір іс-шараның соңында жүргізілген сауалнамалар нәтижелері болып табылады.

Бұл жұмыстарды жүзеге асыру кезінде бірлестік мамандары мен теологтары аудиторияның діни білімін арттыруға, Елбасының ішкі-сыртқы саясатына,  азаматтық мемлекет құндылықтарына құрметпен қарайтын көзқарас, бейбіт және тағатты сана, қазақстандық патриотизм, деструктивті жалған діни ағымдардың идеологиясын қабылдамайтын иммунитет қалыптастыруға, ұлттық, тарихи құндылықтарды үгіттеп, қазақ халқының ұлттық, діни, дәстүрлі, рухани құндылықтарын сақтау әрі дамытуға бағытталған қағидаттарына негізделген қызмет атқаратынын атап өткен жөн. Сондай-ақ, конфессия, ұлт, этносаралық төзімділікті, азаматтық келісімді, саяси тұрақтылықты, діни сұрақтарда тек қана ҚМДБ фәтуалары және шешімдерін негізге алу керектігін насихаттауға баса назар аударылады.

Ескере кететін жайт, азаматтық аудиторияда намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, қажылыққа бару, орамал тағу деген секілді діни рәсімдерді орындауға шақырту жасалмайды. Ондай үндеулер тек қана мешіттерде жүзеге асырылады. Діни рәсімдерді орындайтын аудиторияда ақида, сенім мәселелерінің барлық аспектілері егжей-тегжейлі қарастырылады. Дін өкілдерінің (имамдар) біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру барысында астарлы аяттар мен хадистерді түсіндіруге қатысты айрықша теологиялық сұрақтар көтеріледі.

Бірлестік мамандары алдағы уақытта да Мемлекет басшысының  халыққа соңғы Жолдауында көрсетілген негізгі бағыттар бойынша қызмет атқаруды қолға алады.  Ұлт көшбасшысы қоғамда, әсіресе жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу шараларын күшейтуді басты назарға алу керектігін айтқан болатын. Қазіргі уақытта мемлекеттің негізгі жетістігі – саяси және экономикалық тұрақтылығымен, сондай-ақ қазақстандықтардың санасына шетелдік деструктивті діни ағымдардан енетін радикалды идеологияларға қарсы тұра алатын қабілетімен бағаланады.

 

Мінайдар Ә.,

«Нұрлы білім» ҚБ маманы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары