Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Зина жасаудың зардаптары
20 сәуір, 2021 жыл 2790 Басып шығару нұсқасы

           Ислам діні – ең соңғы, Алладан келген хақ дін. Асыл дініміздің мақсаты – адамзатты үлкен күналардан тыйып, екі дүниенің бақытына жеткізу. Адамзатты жұмаққа жетелейтін жолдан тайдырып, тозаққа түсуіне себеп болатын ауыр күналардың бірі – зина жасау. Зина дегеніміз – бөтен ер мен әйелдің некесіз жақындыққа баруы болып саналады. Зинаның ең ауыр күналар қатарына жататынын қасиетті Құран аяттарынан және хадис-шарифтерден біле аламыз. Алла Тағала «Исра» сүресінің 32-аятында: «Және зинаға жақындамаңдар! Расында ол бір азғындық және жаман жол»-  деп ескертеді. Яғни, зинаның үлкен әрі жиіркенішті күнә екендігі сонша, Алла Тағала «зина жасамаңдар» демей, «зинаға жақындамаңдар» деп қатаң ескерту жасаған. Бөгде ер-әйелдердің оңаша кездесуі, бір-біріне ұзақ көз салуы, ұзақ уақыт жақын қарым-қатынаста болуы түбі зина жасауға алып келетін іс-әрекеттер болып табылады. Сондықтан шынайы мұсылмандар ұятты жерлерін жауып, бөгде әйелдерден көздерін тыйып, Алладан қорқып, күнәдан сақтанады. Бұл туралы «Фұрқан» сүресінің 68-аятында:  «Олар (мүміндер) Алламен бірге басқа құдай шақырмайды, хұқтары болмаса Алла тыйымына қарсы кісі өлтірмейді әрі зинақорлыққа да бармайды» - деп шынайы мүміндерді сипаттаған.

           Асыл дінімізде тазалық – ең басты құндылықтардың бірі. Зина жасаған әйелден туған баланың тектілігі жойылатындығы ғылымда дәлелденген. Бұл - зинаның осы өмірдегі зардаптарының бірі ғана. Алла тағала қасиетті Құран кәрімде, «Нұр» сүресінің 2-аятында :  «Зинақор әйелге де, зина жасаған еркекке де жүз дүре соғыңдар. Егер сендер Аллаға, қиямет күніне сенетіндерің рас болса, зинақорларға аяушылық жасамаңдар. Оларды жазалағанда мүміндерден бір топ куә қастарыңда болсын» деген. Зина жасаушының осы өмірде де, ақыретте де жазаға ұшырайтыны көптеген хадистерде баяндалады.    Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) зинаның бұ дүниелік және о дүниелік зардабы жайында былай деп ескерткен: «Ей, адамдар! Зинадан сақтаныңдар. Өйткені зинаның алты үлкен зияны бар. Оның үшеуі осы өмірде, үшеуі ақыретте. Осы дүниедегі көретіні: жүздің ажары мен нұрын кетіреді, кедейлікке ұшыратады, өмірін қысқартады. Ақыретте көретіні: Алланың ашуына себеп болады, сұрағы қатты болады, тозақ азабына тартылады» (Тәнуирул-әзхан мин тәфсири рухул-баян).

            Қазіргі уақытта көшеде ашық-шашық киінген қыздарымыздың көп жүруі, әлеуметтік желілерде де зинаға шақыратын көп парақшалардың болуы нәпсімізді тиюға үлкен кедергі болары анық. Бұл азғындыққа салынбаудан сақтану әсіресе жастарымызға ауыр тиеді. Алайда жастар, жігіттер, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): мына бір сөзін жадыларыңызға жақсылап түйіп, қорытынды шығарады деген үміттеміз : «Егер кімде-кім бiр нәрседен Алла разылығы үшін бас тартатын болса, Алла Тағала оның орнына оған мына дүниеде де, дінінде де игісін, ең жақсысын нәсіп етеді».

        Имам Шафиғи (Рахимаһулла): «Зина – бұл қарыз. Кім оны алса, үй ішімен өтейді» деген. Азғындыққа ұшырап, өзге әйелмен зина жасаушылар, өз әйелімен де зина жасаушы табылатынын қаперінде ұстағаны абзал. Мұндай жиіркенішті істен Алла баршамызды сақтасын! Алла Тағала қияметке дейін баршамыздың тектілігімізді жоймай,  үлкен кәналардан сақтап, баршамызды жұмақта жолығуымызды нәсіп етсін!

 

Қаражал қалалық мешітінің бас имамы Советов Талғат

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары