Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әлихан Бөкейханның Рамазан айы туралы «Қазақ» газетіне жазғаны.
14 сәуір, 2021 жыл 369 Басып шығару нұсқасы

Жыл он екі айдың ішіндегі ең қадірлі, ең артық һəм ең құрметті айы болған Рамазан айы жақындау себепті əр кімнің аузына «Ораза болып қалды» деген сөздер кіре бастады. Бұл айдағы қылған құлшылық,істелген істердің «О дүниедегі сауабы сондай боладыны» қоя тұрып біз мұның артықшылыгын өзімізше һəм замана, адамшылық, ұлтшылық істері жағынан қарап біраз тексеріп өтейік. Ораза деген атынан-ақ басқа жақтары халықтың өздеріне де белгілі болар.

Біз бұл орында ол ретін жазбай-ақ өтуді лайық көрдік. Жалғыз-ақ, Рамазан айы əр жердегі халықтардың бастарын қосып, бір-бірінің халдерімен танысуға, пақырлардың халдерін ескертіп, оларға жəрдем беруге, жұртқа теңдік-құрдастық, ынтымақ-бірлік, саулық-тазалық һəм құлшылық-құдайшылық сияқты істерді үйретуде басқа айлардан көрі көп артық. Сондықтан халық қасында басқа айларға қарағанда мұның қадір, құрметі де зор. Тек біз бұл орында, біздің халық осындай қадірлі, қымбат айды немен өткізбек? Құдайшылық, құрдастық, істерінде нендей іс көрсетпек болғанда ондай көңілдің жіңішке жерінен шыққан қадірлі қызметтерін кімге көрсетпек һəм кімге бермек деген сауалды шешумен ғана тоқтаймыз. Мұны бізге баяндаудан мақсұт: Рамазан айы кіргенде бүтін ислам дініндеті халық, оның ішінде əсіресе біздің қазақ, бұл айды артықша шат көңілмен өткізуге тырысады.

Құран кəрімдегі баян етілген садақа орындары да осы негіздерге құрылып айтылған:

1. Құрандағы айтылған «пақыр» деген сөздің мағынасы бір кісінің,болмаса көптің мұқтаждығын шығару деген сөз. Бұған ұлт мұқтаждығы да кіреді.Мұны шығарам деген ұлтқа ие керек? Сол керегін жетілдіру үшін Алла тағала «садақаларында мұқтаж болған адамдарға беріңдер»деп көптің қамыт ойға салып айтқан.

2. «Ибн ассубилге» беріңдер деген. Бізше жол баласы. Бұған мұқ-таждық халдегі жолаушылар мен нақықсыз туған балалар (бұл бізде жоқ), шаһарлы жерлерде көп болады, анасы асыраушысы болмағандықтан тапқан баласын көшеге тастап кету реті кіреді. Бұлай туған балаларды да тəрбие етуді жұрт үстіне міндетті қылып артқан. Бұл ұлттың мұқтаждығын көздеуде ақылды негізбен құрылған бір жол. Сондықтан бұл реттен қарағанда  да садақалардың ұлт мұқтаждығын шығару үшін қойылынған жұрттарға ұсталатынын көрсетеді.

3. «Фи субил- аллаға» беріңдер деген. Бұған  оқу жолындағы барша шәкіттермен ұлт мұқтаждығын өтейтін орындар кіреді. Бұл үшінші орында жоғарғы айтылған екі орыннан көрі садақалатды халық мұқтаждығына жұмсау да ашығырақ баян етілген.

4. « уа алғараминге» беріңдер деген. Бұл бұрыш басып сасып тұрған адам. Бұған садақа беріп көтеріп жіберуде де зор мағына бар. Қысқасы, қалай ойлсақ та садақаларды Алла Тағала адам баласын ділгерліктен шығару үшін беруге бұйырған. Халық та сол ділгерліктің бірі. Бесінші реттен көрсетіп, мұны да айтып өтейік. Алла тағала Құран Кәрімде пайдалы орынға өздеріңнің сүйген нәрселерің мен малдарыңды шығармай тұрып, ізгілік жақсылық деген нәрсеге жетісе алмайсыңдар деп бүтіп адам баласын шын көңілімен ұлт ісіне қызмет етуге қызықтыртады. Егер ұлт ісінің керегі боламаса, ол ұлт ісіне мұндай уәжіп һәм зекет сияқты садақаларды ең сүйген малдарыңнан беріңдер деп қызықтырмас еді. Мұнан көрініп тұр, сүйген малдарынан садақа шығару бір кісіге ғана емес, бүтін ұлт ісі екендігі. Әр нешік мұндай парызғ уәжіп садақалар бір кісінің пайдасына ғана емес, бүтін ұлт пайдасына беріледі. Ол ұлт пайдасы мектеп, медресе сияяқты жұрттар салып, бала оқыту секілді істерде табылады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары