Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әз-Наурыз- Жаңару мен Жаңғыру! (ВИДЕО)
21 наурыз, 2021 жыл 178 Басып шығару нұсқасы

Қазақ халқының әрбір мерекесі жақсылыққа, бірлікке, жанашырлыққа шақырады. Сондай Ұлы, қымбат мейрамдардың бірі - Наурыз.
Наурыз-жаңару, жаңғыру дегенді білдіреді. Дәл осы уақытта қалың ел қыстың аязды күндерінен босап, көктемнің шуақты, нұрлы күндеріне аяқ басады. Көп көріспеген жақындармен қауышып, өкпе-реніштерін кешіреді. Көңілдеріндегі ақ сезімді ақ дастарханымен, тәтті тағам, оның ішінде Наурыз көжесімен білдіреді.
Биылғы Наурыз үлкен көлемде тойланбаса да, өзінің ұлттық реңін жоғалтпайды. Отбасының басында болып, Наурыздың алар орнын,мәні мен мағынасын ұғындырып, өз шаңырағында тойлаудың да жақсы жақтары бар.  Сол себепті, Алладан дұға етіп, елімізді осы індеттен сақтауды, арылтуды сұрайық. Келесі Наурызға төрт көзіміз түгел қауышуға жазсын! 
Осы орайда Қарағанды облысы Саран қалалық мешітінің бас имамы Саликов Мұхаммедқали қажы Сапарғалиұлының Наурыз мерекесімен құттықтау сөзін назарларыңызға ұсынамыз.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары