Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ТАРАЗЫДАН ЖЕМЕУ
10 наурыз, 2021 жыл 1085 Басып шығару нұсқасы

Алла шексіз етіп көкті жаратты. Өлшемде қиянат жасамау үшін таразы құрды. Әділдік үшін өлшемде мүлт кетірмеуді, таразыдан жемеуді бұйырды. Бұл жайында Құранда: «Өлшемде әділ болыңдар. Таразыдан жемеңдер» (Рахман, 9) – деген.

Адам тіршілігінің негізгі қайнар көздерінің бірі ол – сауда-саттық. Бірақ сауданың да адалы мен арамы болады. Сол себепті, Алла тағала адам баласына бұл мәселеде қатты көңіл бөліп қарауаына бұйырады.

Алла Тағала кем өлшеудің ауыр күнә екенін ескертіп Құранда былай дейді: «Өлшеу, тартуда кеміткендерге нендей өкініш! (1) Олар қашан өлшеп алса, толық өлшеп алады да; (2) Қашан олар, өлшеп немесе тартып беретін болса, кемітеді. (3) Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма? (4) Ол зор күн үшін; (5) Ол күні адамдар, бүкіл әлемнің Раббының алдында тұрады. (6) Олай емес. Негізінен бұзықтардың дәптері төменгі орында болады. (7)» (Мутоффифин, 1-7).

Осы сүренің түсу себебіне бір тоқталып өтейік. Алла елшісі (Алланың игілігі мен сәлмі болсын) Медина қаласына келген кезде ол жердің халқы таразыдан жеуде әбден машықтанған болатын. Сондықтан, Алла тағала осы аятты түсірген. Имам Құртуби (Алла рахымына алсын): «Бұл сүре Әбу Жухайна деп танылған, шынайы аты Амр деген кісіге байланысты түскен. Ол кісінің екі таразысы болған. Бірімен өлшеп алатын болса, екіншісімен өлшеп беретін еді» - деп келтіреді.

Базарда саудамен айналысқан мұсылмандар өздерінің сатып жатқан тауарларына қатты мән беру тиіс. Әсіресе, таразымен өлшеп сататын мұсылмандар. Себебі, қиямет күні тартқан әрбір таразымыз үшін біз сұраламыз, оның есебін береміз.

Тақырыбымызға байланысты бір оқиғаны келтіріп өтейік. Күйеуі дүниеден озған жесір бір кемпір күнде сиырынан сауған сүттен сары май шайқап, дүңгіршекке сатуға әкеледі екен. Дүңгіршек иесі де кемпірге сенімділік танытып, майын еш өлшеместен сатып алады екен. Бір күні көңіліне күмән ұялаған дүңгіршек иесі кемпірдің сатып кеткен майын таразыға тартып көрмекші болады. Сөйтсе, бір келі деп алған майы тоғыз жүз грамм ғана шығады. Бұған қатты ашуланған дүңгіршек иесі ертесі күні тағы да майын құшақтай келген кемпірге:

- Екінші маған майыңызды әкелмей-ақ қойыңыз. Бұдан былай сізден май алмаймын, - деп дүрсе қоя береді.

 Көңіл күйі түсіп кеткен кемпір:

- Не қателік істедім, балам-ау? – дейді ештеңені түсінбестен.

- Сіздің маған бір келі деп әкеп жүрген майыңыз тоғыз жүз грамм ғана шықты. Таразыдан жеу күнә емес пе? Қалайша ұялмайсыз? – дейді сатушы. 
Сонда әлгі кемпір:

- Балам, менің таразым да жоқ оны өлшейтін. Мен бұл әкеп жүрген майымды өткенде өзің маған бір келі деп сатқан қантты кір ретінде пайдаланып, өлшеп әкеп жүрмін, - дейді. 

Мұны естіген дүңгіршек иесі кірерге тесік таппай, қатты ұялады. 
«Біреуге ор қазба, өзің түсесің», «Не ексең, соны орасың» деген осындайда айтылса керек.

Қорыта келе, сауда Пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннеті, хадисінен білгеніміздей баюыдың ең берекелң жолы. Артық арқан үшін сұралатын ауыр күні Алла адал еткен істі арамдап есебімізді еселеу қаншалықты қажет. Сауданың есеп-қисапсыз жүргізілмейтіні секілді, Алланың тиымынан аттап есепсіз баюды ойлаған адам білсін, таразыдан кеміту жауапсыз қалмайтынын. Өйткені, Алла құранда оларды анық лағінеттеді. Ал, лағінеттелгендердің орны тозақ.

 

Пайдаланған қайнақ:

https://islam.kz/

http://mazhab.kz/

https://kuran.kz/

https://www.islamweb.net/

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары