Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өзін тану баяны.
04 наурыз, 2021 жыл 256 Басып шығару нұсқасы

«Алла өзгермес адамзат күнде өзгерер.

Жарлық берді ол сізге сөз ұғарға.», деген Хакім Абай. Алла Тағала өзгермейтін әуелде бар, соңы жоқ хақ ақиқат екенін. Жаратушының жаратқанына ой жүгіртіп, әр істен ғибрат алу, ділінің нұрлы болуын қалаған кісіге айналып таза мұсылман, толық адам болуын айқындап кетеді. Құранда Ғалақ сүресінің бірінші жолы «оқы, оқы Алланың атымен оқы», деп жарлық беріп сөзді ұғуды ұйғарып тұр. Пайғамбарымыз ғ.с. Қытайда болсада ілім іздеуді, ілім сөзді ұғуда, оны амал етуде басты қағида екенін шартты басымдылықпен айтылып тұр.

Аят хадис сөздің басы,

Қосарлы бәйіт смал келді арасы.

Қисынымен қызықты болмаса сөз

Неге айтсын пайғамбармен оны Алласы – деген Хакім Абайдың сөздің түзелуін  нақтылай қуаттап айтады.

           «Алла тағала Жын мен адам затты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым», деп әмір етеді.

                                                                Зәрият сүресі 56 аят

           Адамзаттың дүниеге келген мақсаты да құлшылық. Ал құлшылық бастауы білім, ілім алу, көкірек көзін ашып жаратушыны тану .

         Пайғамбарымыз ғ.с. «Алла Тағала үшін ділі бірікпеген адам жер түгілі көкке ұшсада  мұсылман бола алмайды. Сөз түзелмейінше өзін-өзі танымайды деуі өзін-өзі тану Алла Тағаланы тану Алланы рас, сөзін рас деп мойындап хақтығына сеніп, жаратушыға наным, әр пенденің оған мұқтаж, тәуелді құл екендігін мойындап құлшылық ету. Ата-бабамыз 8 ғасыр басында Ислам дінін ат-түйедей қалап, ынталы жүрек шын көңілімен Алла Тағаланы таныды. Тілдік жүйеге тілдің, сөздің мәйегін бұзбай «рахмани» сөздерімен, сөз жолдарымен сөз жүйесін қалыптастырып дүниежүзінде ең бай асыл да қуатты сөздерден тұратын қазақ тілінің жасалуы, араб тілінен кейнгі  тілдердің алдына қойды. Қазақ тілі қасиетінің қуаты, ұлттың қадыр-қасиеті боп тілде сақталған ілімді мирас етті. Қазақ тілі әдептен тұрады. «Өнер алды қызыл тіл» болса, тілге тиек қою, сөзге ұста болу. Ауызды бөтен сөзбен былғамай, бір елі ерінге екі елі қақпақ қою, тілмен сөздің әдебі. Керексіз сөз сөйлемеу даналық болса, қажетсіз сөз айтпау тақуалық. Сөзге тоқтай білу, ұлттық санаға айналған. Қазақ ұлтының сөзін түзеген бабалар жолы, өзін-өзі түзеудің құдай жолымен жүрудің үлгісі.

 

«Жамандық, жақсылық пен – оған бір бәс

Дін ісін, құдай ісін айыралмас», деген Хакім Абай жамандық, жақсылықты айырмау, пенделік қасірет, тәрбиесіздік, арын сатып, ант ұрып іздегені дін ісін, құдай ісін айырмаудан тұрады. Салт-дәстүрде, тілде, мінез-құлықта тәрбиенің әдепке құрылуын құдай ісіне санаған. Алла Тағаланың істе дегенін істеп, істеме дегенін істемеу жүрекке ақылды суат етіп, Тәңірге деген махаббатпен ақиқатта, діндағы тереңде екенін түсініп тану, дін ісі екенін нақтылайды. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деу, өліні риза қылу бабалар аманатына қиянат жасамау. Ол тіл аманаты, жер аманаты, ұлт аманаты. Жақсы мен жаманды, адал мен арамды, құдай ісімен дін ісін айыра білуде иманның өлшемімен өмір сүру. Ата-бабамыз малға, жанға, жұртқа, елге, жерге, көк аспанның амандығын тілеп, қате күнәларынан кешірім сұрау арқылы сабырлықты, таза тілді, таза ділді кісі болуды қалап, солай өмір кешті. Рас пен шынның хақтығына, нақ айқын сенімдегі анық иманмен өмір сүрді.

Имам Мейрам қажы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары