Алланы танытуға сөз айырмас деген Хакім Абай Алланың өзі де, сөзі де рас. Онда жалғандықтың жоқтығын Аллаға, кітабына, періштелерге, Пайғамбарына, ақырет күніне, қияметте қайта тірілуге иман келтіру арқылы ынталы жүрек шын көңілмен жасалған таным хақтың жолы, құдай тағала жолы. Ол жолды Хакім Абай айтқандайын «Алла Тағаланың өзіндей ниһаятсыз (шексіз өлшеусіз) болуында». Осы жолға жүруді өзіне шарт қып кім қадам басты ол таза мұсылман, толық адам делінген. Алла Тағаланы тану Аллаға сендім барлығына және бірлігіне (жалғыздығына) нандым. Жоққа шығармайтын сенім нанымдағы айқын иман.
Имам Мейрам қажы
Пікірлер