Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Досына қарап, адамды таны
24 ақпан, 2021 жыл 2698 Басып шығару нұсқасы

Қазақта «Жолдасына қарап, адамын таны» деген қанатты сөз бар. Осы ұлағатты сөздің  мәніне көпшілік ден қоймайды. Ал, мұқият зер сала қарасақ, адамның өмір бойы жанында жүретін досы өмірлік серігі – жан-жарымен тең іспетті. Қазіргі дамыған заманда жастардың дені досты түріне, яғни ақшасына қарап таңдап жатады. «Бір-біріне адал емес достар» деген ұғым жолдастың қадірін тиынмен бағалағандықтан туындап отыр. Қазір, екі жолдастың бірі діни сауат алып, намазға жығылып жатса екіншісі үрке қарайтын заман болды. Барлығы да дін туралы ақпараттың дұрыс жеткізілмегендігінен болса керек. Осы ретте, біздің парақшамызды ашып оқитын достарға Алла елшісі (с.ғ.с.) хадистерін жеткізгенді жөн санадық. Өйткені, кейбір жастар досым бетіме күле қарауы мүмкін, немесе шошып теріс айналып кетер деп қорқып өздері мешітке бармай, алып жатқан діни ілімін жарты жолдан тастап кетіп жатыр. Сондай адамдар мына хадиске көңіл бөлсінші: Мұхаммед (с.ғ.с.): «Жұмаққа кіргендер, осы өмірде жақсылық жасаған достарын жұмақтан таба алмай Алладан: «О, Алла, бізбен бірге ораза ұстап, бізбен бірге дұға еткен жолдастырымыз бар еді, бірақ оларды көрмей тұрмыз» деп сұрайды. Сонда Жаратушы Алла: «Тозаққа барыңдар. Жүрегінде тозаңның бір түйіріндей болсын иманы бар достарыңды шақырып алыңдар» деп айтады» деген. Міне, қараңызшы, Алланың мейірімділігі сонша, істеген амалдарымен тозақ отына түскен адамды жолдасының сұрауы бойынша Жұмаққа кіргізеді. Ұғар жүрекке осы хадистен түйер ой көп. Яғни, әрбір пенде өзіне жолдас таңдарда оның дүниесіне, абыройына емес, сол адамның жүректегі иманына қарағаны абзал. Хасан аль-Басри (р.а.): «Өзіңізге жолдас етіп, жүрегінде иманы бар адамдарды ертіңіз. Олар Қиямет күні Сіз үшін жақтас болады» деген. Олай болса, сәждеге бас қойып, оразада ауыз бекіткенде, жұма сайын мешітке барарда өзіңізден теріс айналған достан, Сіз де теріс айналыңыз құрметті, бауырым!

«Жолдасым діни нәрселерді көп айтады, шаршап кетемін» дейтіндер кездеседі. Егер, адамның жанында жүрген адам жүрекке тиетін сөз айтса, ол расында сол адамға жанашыр болғаны. Өйткені, «Дос жылатып айтады». Бір қыз басына орамал тақса, екіншісі оның жанында жүруге арланады. Бұл жүректегі иманның әлсіздігінен болса керек. Бұл да бір сынақ. Екі жолдастың біріне имани сауат келсе, Алла екіншісін жарылқағаны. Сол адам арқылы, екінші пенденің көз, құлақ пердесін ашқаны деп ұғыну керек. Бір дос Құран оқып, сақал қойып немесе орамал тақса, екіншісінің жаны қиналып, өзін қиын жағдайда сезінетін жандар бар. Егер, осы қиындыққа сабырлылық танытса, оған да игіліктің төгіліп тұрғандығын ұғар еді, көзбен көрер еді. Ибн аль-Қъаййим (р.а.) былай деген екен: «Бұл өмірдегі сынақтар көлеңке сияқты, бар болып кішкене сәттен соң жоғалып кетеді. Егер бұл өмір саған күлкі сыйласа, онда кішкене уақыттан соң жылатады! Егер сені бүгін қуанттса, онда ертең мұңайтады!  Егер саған пайдалануға бір зат берілсе, жақын арада сен одан айырыласың! Егер бір үй қуанышпен толы болса, аз уақыттан соң ол үйге көз жасы келеді! Егер бүгінгі күн шаттыққа толса, оның артында қайға жасырын тұр!». Енді мұқият зер салайық, дүниесі мол, сауаты аз, бүгіні қуанышқа толы, қайғысы жоқ достан о дүниеде игілік болар ма? Бәрі Аллаға аян! Олай болса, бүгін қысылсаңыз да, арлансаңыз да, ол адамның жанында өзіңізді сауатсыз, имансыз сезінсеңіз де досты жүрегінде иманы бардан іздеңіз!

 

Амантай Естай

Балқаш қалалық мешіттің наиб имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары