Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Асығыстық жасамау
24 ақпан, 2021 жыл 376 Басып шығару нұсқасы

Алла тағаланың 99 сипаты бар. Соның бірі «Ас-Собур» яғни «Сабыр» Құран Кәрімде «Бақара» сүресі 153 – аятта «Әй мүміндер! Сабыр және намазбен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла тағала сабыр етушілермен бірге десе, Пайғамбарымыз:(ғалайһис салату уассалам) «Ас Сабру минар рохман, Әл ъажалату минаш шайтан» яғни, сабырлық Алладан, асығыстық шайтаннан – дейді. Қазақ елінің мақал-мәтелдерінде «Асықпаған жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа» деп, осы хадисті өмір тіршілігінің негізіне айналдырған. Сондықтан жоғарыда келтірілгенаят, хадис және мақалды өмірімізге ту етіп «құлшылықта, тіршілікте» асығыстық танытпай сабырлы болу мұсылманның сипатынан болып табылады. Асығыстық болған жерде қандай да бір істе шалалық орн алуы әбден мүмкін. Сол себептен мұсылман пенде әрбір ісіне байыптылықпен қарап, нәтижелі іс жасауға бейімделеді. Құлшылықта да сабырлық маңызды. Мысалы, құлшылық жасау барысында асығыстық танытсақ намазда тұрып Құран оқығанда қателесеміз. Қиям (тік тұру) рукуъ (тізе бүгу) сәжде (маңдай жерге тию) тұруында өзінің керек деңгейіне келмесе намазымыздың толыққанды болмауы әбден мүмкін. Оразада күн батпай тұрып, шыдамсыздықпен ауызды ашып жіберсеңіз оразаның сауабынан құр қалып, сол оразаны каффаратпен қайта ұстауыңызға тура келеді. Қарапайым қағида ретінде, тағы бір мысал, қолыңыз толы бір зат болсын. Сіз екінші қабатқа шығуыңыз керек. Сонда асықсаңыз баспалдаққа жетіп құлайсыз, ал егер асықпасаңыз – құламай өтіп, мақсатыңызға жетесіз. Міне, осы жерде асықпаудың орны ерекше. Конец формы

Начало формы

Конец формы

Тіршілікте де кірпіштен қабырға қалайтын болсақ, асығыстық болса қалаған ғимаратымыз да қисық болып, қоғамға қауіп тудырады. Сондықтан құлшылықта да, тіршілікте де асығыстық жасамайық. Асығыстық жасамаудың жолы сабырлыққа өзімізді бейімдеу. Ал, сабырлы болу үшін де еңбектену керек. Сабырлық жайлы жақсы кітаптар оқып, насихаттар тыңдап рухани құндылықтарға уақыт табу керек. Әрбір нәрсеге сабырлықпен, байсалдылықпен, салқынқандылықпен қарауға бейімделу қажет. Шамаңыз келгенше сабыр сақтаңыз. «Сабыр түбі - сары алтын» дейді қазақта. Ашулануға бой бермеңіз. Шамаңыз келмей жатса, Алладан үнемі дұға тілеңіз.

Алла Елшісі (с.ғ.с)«Нағыз байлық - бұл дүние байлығында емес, нағыз байлық – жан байлығында» деп айтып кеткен. Сабырдан артық жан байлығының жоқ екенін біз білеміз. Сондай-ақ, біздің сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай да айтқан: «Ешбір пендеге сабырдан артық, сабырдан жақсы нәрсе нәсіп етілмеген».

 

 

 

 Сабыр үшке бөлінеді:

- Алланың бұйырғандарына бойұсынудағы сабырлық;

- Күнәны тастаудағы сабырлық;

- Алланың нәсіп еткен қайғы-қасіретіне сабырлық таныту.


Сабыр, сабырлық таныту, сабырлы болу дегеніміз:  

  1. Өмір жолында кездесетін қиыншылықтар мен сынақтарға мойынсұну, яғни, сынақтарды өмірдің бір әділетсіздігі емес, керісінше, сынақтарға шыңдалу мен дамудың қалыпты бөлігіндей қарау.
  2. Сынақтардан, кедергілерденөтудетабанды болу.
  3. Жамандыққажақсылықпенжауап беру.  
  4. Айтқансөзінде, уәдесіндетұру.  
  5. Қасірет пен сынақтардаабыройдыжоғалтпау.  
  6. Сәттілік пен жетістіктердеқарапайымдылықтысақтау.  
  7. Сезімненжоғары, жағдайданмықтыәрінәпсіденартық болу.

 

Кез-келгенжамандықтанбіржақсылықтыңнышанынтабабілу.

«Асығыстық - шайтанның iсi» деп жатады, дегенмен мына бес нәрсеге асығу сүннет:
◆Мәйiттi жерлеуге.
◆Бойжеткенқыздардыертеректұрмысқаұзатуға.
◆Қарызданбарыншаертерекқұтылуға.
◆Күнә iстенкейiнтезтәубеетуге.
◆Келгенқонаққатағамберуге.

Ендеше, құрметті қауым!

Алла берген саналы ғұмырымызда сүннет пен салтқа қатысты мінез құлқымызды қалыптастырып, өмірімізді шариғат қағидаларымен өрнектей білсек, дүние мен ахиретіміз жемісті болмақ!

 

Қарағанды қалалық «Әл-Машани»

мешітінің наиб имамы:             Ермахан Оралбай Әділбекұлы

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары