Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жалқаулықтан айықтыратын дұғалар
06 сәуір, 2016 жыл 17982 Басып шығару нұсқасы
eDgecEoWHIUЖалқаулық – Ислам заңдары мен құндылықтарына қайшы кемшіліктердің бірі. Және күллі адам баласының бойындағы бір негізгі кемшілік.  Жалқаулық адамның Аллаға барар жолын жабуға қауқарлы. Ол Алла Тағала берген уақыттың құндылығын ұмыттырады, құлшылық жасауға мойын бұрғызбайды. Солайша адамды шынайы сенімнен айырады.

Жалқаулық та шайтанның бір құралы. Жалқаулану – өз нәпсіңнің қалауына берілу деген сөз. Жаңа күннің таңы атқанда да адам ең алдымен жалқаулықпен сыналады. Жалқаулығын жеңіп, төсегінен тұрып, дәретін алып құлшылық етеді немесе ұйқысын қимай жата береді. Таң намазы жалқаулықтан құтылудың ең жақсы жолы. Әр күн сайын ерте тұру арқылы адам жалқаулығын жеңе бастайды.

Алла елшісі  (ﷺ) жалқау адам болмаған. Оның бар ғұмыры уақытты бос өткізбегенін дәлелдейді. Бірақ Пайғамбарымыздың  (ﷺ) өзі бір күн болмаса бір күні жалқаулықтың ығына жығылып кетпес үшін келесі дұғаларды оқыған:

«O, Алла! Дәрменсіздік, жалқаулық сезімінен Өзіңнен пана іздеймін».

«О, Алла! Қорқыныш пен қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, қорқақтық пен рухсыздықтан, сараңдық пен қарыздан, сондай-ақ айналамдағыдардың қысастығынан Өзіңнен қорған іздеймін».

«O, Алла! Бұл күні маған табыстан, жеңіс пен жақсылықтан жақсысын бер. Бұл күнде және кейінгі күнде жасырылған жамандықтан мен Өзіңнен пана іздеймін».

«Сергек және белсенді болуымызға көмектес және бізді сәтсіздік пен жалқаулықтан қорға».

Материал  islam-today.ru сайтынан аударылған 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары