Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адамды мазақ ету
10 ақпан, 2021 жыл 3149 Басып шығару нұсқасы

Адам жаратылыстардың ең абзалы, ақыл, сезім және дене пішімі тұрғысынан ерекше жаратылған. Аллаһ бүкіл ғаламның Ұлы Жаратушысы. Ол жер бетіндегілердің тамаша өмір сүрулері үшін адам баласын халифа етіп жаратты. Бірақ адамға жол көрсету үшін дін түсіріп және адамдарды оған мойынсұнуды бұйырған. Ал діннің негізі Алланың кітабы Құран кәрімде жинақталған. Ол әмірлерден, тыйымдардан және өсиеттерден тұрады. Біз модернистік қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Иә, біз жаңа заманның ұрпағымыз. Қазіргі  ұғымдар мен құндылықтар алмасқан тіршілік дағдысының перзентіміз. Бірақ, бұл тәрбие бастауынан қол үзу деген сөз бе? Кім айтты, кеше деген ескілік деп? Қазақы сана ендігі өміріміздің ұстанымы бола алмайды деп, кім айтты? Бұл кезең – ұмыту кезеңі. Біз тамырымызда тулаған кейбір ақпараттарды ұмытып қалдық. Соның бірі тыйымдар. Ауызекі жасалған бұл мәдени жаңғырық сан жылдар бойы бір халықты сақтап келді. Бұдан кейін де сақтай алмақ. Алланың әмірі мен тиымдары бар. Соның ішінде  қазіргі замандағы адамдар арасындағы бір – бірін көреалмаушылық, кемсіту, мазақтап келемеждеу мәселесі. Мазақтаудың түрі айта берсе шек жоқ. Бір адамдар түріне, сыйпатына қарап мазақтаса, енді біреулері адамның аттарына қарап бұрмалап мазақтап жататындар да аз емес. Оны біреуі түсінсе, бірі түсіне бермейді. Бұл туралы Құран Кәрімде былай делінеді:

          «Ей, мүміндер, араларыңнан бір топ басқа топты мазақ етпесін! Бәлкім мазақталғандар өздеріңнен жақсырақ болар. Бір – бірлеріңді айыптамаңдар, жаман лақаптармен шақырмаңдар!  Иманға жеткеннен кейін күнәхарлық қандай жаман!(Аллаһ тыйым салған нәрселерге) тәубе етпегендер – залымдар.» (Хужурат 11) Ал, Хадис шәрифте  былай делінеді: «Адамдарды мазақтаған адамға жәннаттан бір есік ашылады, « Ал, кіре ғой» делінеді. Ол сасқалақтап келгенінде есік бірден жабылып қалады. Кейін басқа бір есік ашылады. Ол қайтадан мұңды күйде есікке жүгіреді. Есік қайтадан жабылады. Бұл жағдай көп қайталанады, одан кейін кел деген кезде де бара алмайтындай болады». (Әбу Дауд) Демек, бір адамның өзі ренжитін лақабымен бетіне де, артынан да сөйлеу дұрыс емес . Мысалы қабақ, бұжыр бет сияқты лақаптармен  шақыру немесе артынан сөйлеу күнә болады. Хадис шәрифте «Бір адамды ұнатпайтын лақабымен шақырған адамды періштелер лағнет етеді» делінген.  (Ибн Сүнни)

          Егер де бір адам ел арасында бір кемшілігімен танылып, сол лақабымен оны шақырғанда ренжімейтін болса, бұл лақаппен оны шақыру немесе ол жайында айту күнә болмайды.  Мысалы шолақ, қара деген сияқты. Адамдарды ұнататын лақаптармен шақыру күнә емес. Мысалы ержүрек Үсен, Асан батыр сияқты лақаптармен шақыру күнә болмайды. Сүйікті пайғамбарымызға Әмин, хазреті Әбу Бәкірге Сыддық, хазреті Омарға Фаруқ, хазреті Османға Зиннурәйн,  хазреті Әлиге Әбу Тураб деп айтылуы осыдан. Арабтарда ең үлкен баласының есімімен күня деп аталатын лақап ат қою әдет болған. Мысалы пайғамбарымызға Әбул Қасым (Қасымның әкесі), хазреті Әлиге Әбул Хасан деп айтылатын еді. Имам Әбу Юсуфтың есімі Яқуб еді. Алайда баласының есімімен Әбу Юсуф (Юсуфтың әкесі) деген куня атымен танымал болды.  Хадис шәрифте: «Балаларыңа әр түрлі лақап тақпай, олардың есімімен аталыңдар» делінеді. Демек адамдарды өздері ұнатқан лақап аттарымен шақырудың зияны жоқ.  (Шира) Қорытындылап айтқанда, адамды кемсіту, мазақтау ауыр сөз айту оңай бірақ сол адамның қалай қиналғанын сезініп көрші... Әр адам жеке тұлға. Оны мазақтап, келемеждеуге ешкімнің қақысы жоқ. Мазақтап, келемеждеу адам психикасына қатты әсер ететінің ұмытпаған жөн. Адамның түр-әлпетіне қарап мазақтау, ақымақтық. Өйткені адамның қандай болып туылуы бір Алланың қолында. Адамды мазақ еткенің, Алланың ісін қадірлемегенің болып саналады. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізге әрдайым әзілдеп жүріңдер деп айтқан жоқ.  Себебі, мұсылманға жөнсіз әзілдеу жараспайды.     Бір ауыз сөз сізді Жәннаттың ең жоғары дәрежесіне шығара алады, керісінше, бір ауыз сөз тозақтың ең қатты азабына түсіруі мүмкін. Адамдармен әзілдескен кезде де осы қағиданы ұмытпаңыз. 

 

 

Омаров Нұрперзент Еламанұлы,

Жезқазған қаласы, «Ахмет Ишан Оразайұлы»

мешітінің Бас имамы

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары