Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жала жабу діннен емес
10 ақпан, 2021 жыл 1860 Басып шығару нұсқасы

Аса-қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Жала жабу деп – адамның сыртынан оның ар-намысы мен қадір қасиетіне нұқсан келтіретін, абыройын түсіретін жалған мәлімет таратуды айтамыз.

Дініміз Ислам - мейірімділіктің,  татулық пен ынтымақтың діні. Біздің дінімізбен де, дәстүрімізбен де мүлде ұштаспайтын дүниелер бар. Олар: жала жабу, өсек, өтірік, ғайбат атаулы дүниелер.

Ғалымдар жала жабудың күнәсі ғайбаттан да ауыр екендігін айтқан. Себебі, жала жабуда өтірік қоса араласып жүреді. Әбу Һурайрадан  жеткен хадисте Алла елшісі  сахабалардан

«Ғайбаттың не екенін білесіңдер ме?», – деп сұрайды. Олар: «Оны Алла мен елшісі жақсырақ біледі», – деп жауап қатады. Пайғамбар : «Ғайбат деген – бауырыңды оның ұнатпайтын нәрсесімен еске алуың», – дейді. Сонда біреу: «Егер айтып жатқаным бауырымның бойынан табылса ше?», – деп сұрақ қояды. Пайғамбар : «Егер айтқаның оның бойынан табылса, ғайбаттадың демек. Ал егер бойында болмаса, онда жала жапқаның», – деп жауап береді».

Құранда Алла Тағала жала жабудың үлкен күнә екендігі жайында былай дейді:

«Мүмін еркектер мен мүмін әйелдерді жоқтан өзгемен ренжіткендер, анық сол жаланы және үлкен күнәні өз мойындарына артқан болып есептеледі»  «Асхаб сүресі»58-аят.

Жала жабудың мынадай бірнеше түрі бар:

Бірінші: Алла Тағалаға жала жабу.

Бұл жаланың ең жаманы әрі ең ауыр түрі. Бұған: Құранда айтылмаған сөзді «Алла Тағала айтты» деу, Құранды әдейі бұрмалап тәпсірлеу, бір іске қатысты білімсіз түрде «адал не арам» деп үкім айту секілді істерді жатқызған. Құранда:

«Аллаға жасанды жала жапқаннан немесе келген шындыққа қарсы болғаннан залым бар ма? Кәпірлердің орны тозақ емес пе?» «Ғанкабут сүресі»68-аят

Екінші: Алла елшісіне  жала жабу.

Жаланың екінші бір жаман түрі – Алла елшісіне  жала жабу. Пайғамбарымыздың тірі күнінде мүшріктер оған ақын, бақсы, сиқыршы т.б. түрлі жалаларды жапқанын тарихтан жақсы білеміз. Құранда:

«Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер. Сондай-ақ, ол бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер. Ол, әлемдердің Раббысынан түсірілген»[ «Хаққа сүресі»41-48 аят

Пайғамбарымыздың  айтпаған сөзін оның хадисі деу немесе хадистің мағынасын әдейі бұрмалау сияқты істер де жалаға жатқызылады. Бұл жөнінде Әз Пайғамбарымыз    былай дейді:

«Кімде-кім менің атымнан жалған сөз айтса, өзіне тозақтан орын дайындай берсін!» Хадис

Үшінші: Адамдарға жала жабу.

Өзге адамның айтпағанын «айтты» деу, істемеген ісін «істеді» деп жалған айту. Мүмін адам өзге біреуді дәлелсіз жамандаудан, кемшілігін іздеуден барынша сақ болуы қажет. Өйткені, өзгенің кемшілігін айтқан адамға арнайы сауап жоқ. Керісінше жалғаншы адамның ауыр күнәға бататыны сөзсіз.

 Жала жабушының сөзіне сенбеу. Құран аятында былай деліген:

«Әй мүміндер! Пасық біреу хабар әкелсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе, білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер» «Хужрат сүресі» 6-аят

Бесінші әділетті халифа деген атпен танымал Омар ибн Абдулазизге бір кісі келіп, әлде бір адам жөнінде жаман сөздерді айта бастайды.  Сонда Омар: «Бұл айтқан сөздеріңді тексеріп көрелік. Егер өтірік айтқан болсаң: «Пасық біреу хабар әкелсе, оны анықтаңдар», – деген аятта айтылғанындай пасық адам болғаның. Егер сөзің рас болса: «Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да (бой ұсынба)»[13]», – делінген адамдардансың. Ал егер сөзімді қайтарып алдым десең, айтқаныңа кешіріммен қарауға әзірміз», – дейді. Сонда әлгі кісі: «Мені кешіріңіз мүміндердің әміршісі! Енді бұндай іске бармаймын» – дейді[14].

Жала жабушыға насихат айтып, ақ пен қараны таныту. Жала жабу – адамдар арасын алыстатып, береке мен бірлікке сызат түсіретін, бейкүнә адамды өзгеге жаман етіп көрсететін күнәлі істерден. Мұндай сөздерді айтушыға мұсылман адам жұмсақтықпен насихат айтып, жақсылыққа шақыруы тиіс. Қаблиса (Қабан) жырау бабамыз мұндайда ұрпағына мынадай насихат қалдырған екен:

Жала жабылған адам турасында жаман ой ойлаудан сақтану. Өзгенің

сыртынан ешбір дәлелсіз айтылған сөздер арқылы әлде біреу турасында жаман ой  ойлауға, күмәндануға, оны жек көруге болмайды.

Алла Тағала жаманшылықтан,өсектен,жала-жабудан сақтасын.Амин.

 

Жәйрем кенті мешітінің имамы

     Ақмағанбет Мурсали

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары