Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ШҮКІРШІЛІК
26 қаңтар, 2021 жыл 3794 Басып шығару нұсқасы

Шүкір ету бұл дініміздегі өте бағалы, Аллаһ тағаланың алдындағы ізгі, сүйкімді істерден болып есептеледі. Адам баласында шүкір ету, шүкір­шілік дейтін ұғым бар. Бұрынғы ата­ларымыз өздерінің өмір сүру әдебін «қиын­дық келсе сабыр етеміз, жақсылық келсе шүкір етеміз» деп бағамдаған. Демек «сабыр» мен «шүкір» ұғымы қай заманда, қай дәуірде де болсын адамзаттың руха­ни тірегі, адастырмас темір­қазығы.

         Аллаһ Тағала қасиетті Құран кәрімде:

«Мені естеріңе алыңдар, сонда Мен де сендерді есіме аламын. Маған шүкіршілік етіңдер, шүкірсіздік етпеңдер». – делінген. Ендеше Аллаһ Тағаланың берген өміріне, денсаулығына, материялдық және рухани байлықтарына алғыс білдіріп, лайықты түрде шүкіршілік қылу – әрбір мұсылманның міндеті.

Ең алдымен біз әлемдердің Раббысы, біздерді жоқтан бар еткен Аллаһ тағалаға сансыз шүкірліктер айтуымыз керек. Себебі: Күллі жаратылыстың ішіндегі ең көркемі, ең саналысы, ең ардақтысы адам баласы етіп жаратты, адамдардың ішінде бізді Әлһәмдулилләһ Мұсылман етіп жаратты, Мұсылмандардың ішінде біздерді Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) үмметі етіп жаратқанына Аллаһ Тағалаға сансыз шүкірліктер, мақтаулар мен мадақтар айтуымыз керек.

         Еліне аман-есен оралған зиратшы жоға­рыдағы екі пендеге әулиенің сөзін жеткізеді. Сәлемді естіген бай «мұндай мал-дүние берген тәңірге шүкірімді қалай азайтпақпын» деп қиналса, кедей адам «қорамда тышқақ лағым жоқ мен қай бетімнен шүкір етем» деп қиналыпты. Міне, бұл шүкірліктің дүниелік нығметі. Яғни кім көп шүкір етсе, оның ризығы артады. Себебі Аллаһ Тағала Құран кәрімде: «Егер маған шүкір еткен болсаңдар, мен еселей беремін» - дейді. Ендеше, біз өзіміздің ризығымызға шүкір ететін болсақ,  қолымыздағы барға қанағат қылатын болсақ Аллаһ Тағала құранда уәде еткендей біздердің нығметімізді одан әрі еселеп, арттыра бермек.

         Аллаһ елшісі (сғ.с) дүние тұрғысына келген кезде жағдайы өзінен төмен адамға қарауға шақырады.  Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен хадисте: «Өздеріңнен төмендегілерге қараңдар, өздеріңнен жоғарыдағыларға қарамаңдар, өйткені бұл сендерге Алланың берген нығметін азырқанбауларың үшін жақсы» - делінген. Бұл хадис адам дүние мәселесіне келгенде өзінен жоғары әрі бай адамдарға қарамауға, керісінше өзінен дүние жағдайы төмен әрі кедей адамдарға қарап, өзіне берілген нығметке шүкір ету керектігін үйретеді.

Құранда: «Алла ештеңе білмейтін кездеріңде сендерді аналарыңның құрсақтарынан шығарып, сендерге құлақ, көз, жүрек берді. Бәлкім, шүкір етерсіңдер» («Нахыл» сүресі, 78-аят), – делінген. Бұл аят арқылы өмірімізден бастап, дене мүшеміз-дің барлығы Алланың нығметі екенін ұғамыз.   Кім шүкіршіл болса, Алла тағала оның несібесін кеңейтеді. Бұл жайында Құран Кәрімде: «Сонда Раббыларың: «Егер шүкір етсеңдер, Мен сендерге еселей түсемін. Ал шүкірсіздік қылсаңдар, расында Менің азабым қатты», – деп білдірген еді». («Ибраһим» сүресі, 7-аят), – деп көрсетілген.

Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі шүкір етуде үмбетіне үлкен үлгі. Ол (с.ғ.с.) түні бойы Раббысына құлшылық қылып, табаны жарылып кеткенше намаз оқитын еді. Сонда оған жұбайларының бірі: «Уа, Алланың елшісі! Неге олай етесіз? Сіздің бұрынғы да, кейінгі де күнәларыңыз кешірілген жоқ па?» – дегенде, адамзаттың ардақтысы (с.ғ.с.): «Олай болса, шүкір етуші пенде болуым керек емес пе?» – деп жауап береді»

Ақиқатында, Раббымыз құлдарының шүкірлігіне мұқтаж емес. Бұл Құран Кәрімде: «Кім шүкірлік етсе, расында ол өзі үшін шүкірлік етеді. Ал кім шүкірсіздік қылса, расында Раббым Бай һәм Жомарт» («Нәміл» сүресі, 40-аят), – деп анық айтылған.

Расында, Алла тағаланың адамзат үшін көк пен жерден төгіп жатқан нығметтердің саны шексіз. Бұл жөнінде: «Сондай-ақ, Ол сендерге сұрағандарыңның бәрін берді. Егер Алланың нығметтерін есептейтін болсаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында, адам өте әділетсіз, әрі шүкірсіз», – деп «Ибраһим» сүресінің 34-аятында айтылған.

Сол нығметтердің бірі денсаулық пен бос уақыт. Оның қадірін біліп, Раббының разылығы үшін мүлтіксіз пайдаланып жатқан пенде кемде-кем. Мұсылман пенде нығметке қуанып, белгілі бір табысқа жеткенде, Аллаға шүкіршілік етіп, мадақтап, ұлықтауы керек. Ол үшін «Әлхамдулилләһ» деп айту жеткілікті.

Сахабалар дәуірінде өмір сүрген ғұлама ғалым Ата бин әби Рабах шүкіршіліктің нығметі «Аллаға бойұсыну және тағдырға ризашылық» деген тұжырым жасап, оның шарттары: тілмен, іс-әрекетпен және жүрек­пен іске асырылатыны жайлы айтқан.

Қасиетті кітап Құранның «Әли имран» сүресінің 145-ші аятында: «Кім дүние­нің пайдасын тілесе, оған одан береміз. Ал кім ахирет пайдасын қаласа, оған одан береміз. Әрі шүкірлік етушілерді сыйға бөлейміз» деп, тағдыр-талайына риза, барға қанағат, жоққа шүкір еткен пендені сыйға бөлейтіні жайлы айтылған.

Ендеше, Алла тағала бізді нығметтеріне шүкір ететін шүкіршіл пенделерінен етсін! Шүкірсіздіктен, күпірліктен сақтасын! Жасаған амалдарымызды, ғибадаттарымызды қабыл алсын! Әмин!

 

 

Шет ауданы «Жанқұтты би»

 мешітінің бас имамы

Маханбетчин Берік Алпысбайұлы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары