Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ИХСАН
21 қаңтар, 2021 жыл 343 Басып шығару нұсқасы

Шынайы дін – бұл Алла Тағала жіберген, Елшісі арқылы көрсеткен жол. Бұл Оған бойұсыну діні. Адам атадан бастап соңғы Пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с)  бізге жеткізген діні. на

 

Шынайы

 

Діннің үш негізі бар:


 


  1. Иман - адамның сенімі.

  2. Ислам – Алла Тағаланың бұйырғанына бойұсынып, тыйғанынан тыйылу.

  3. Ихсан – барлық істе шынайылық таныту.


  4.  

 

Иман

 

Иман дегеніміз – Сенім. Сенімнің 6 негізі бар:


 


  1. Аллаға сенім келтіру. Құлшылық қылуға Алладан басқа лайық ешкім жоқ екеніне, Ол жалғыз екеніне және жаратылмағанына, Мәңгі екеніне және бастауы жоқ екеніне, бәрін білуші, бәрін көруші, бәрін естуші екеніне, ештеңеге мұқтаж емес екеніне, он сегіз мың ғаламның иесі екеніне және күллі жаратылыс Оған мұқтаж екеніне сенім келтіру.

  2. Періштелерге сенім келтіру. Періштелер – Алланың құлы. Олар қатаң түрде Оның бұйрықтарын орындайды. Алла оларды нұрдан жаратқан. Олар ішпейді, жемейді және жынысқа бөлінбейді. Олар басқа жаратылыстармен бірге Қиямет күнінде қайтады.

  3. Алланың кітаптарына сенім келтіру. Алла жіберген кітаптардың жалпы саны 104. Олардың 100-і оралған қағаз түрінде түссе, 4-і кітап түрінде түскен. Тәурат – Мұса Пайғамбарға, Забур – Дәуіт Пайғамбарға, Інжіл – Иса Пайғамбарға, Құран – Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с) берілген.

  4. Алланың Пайғамбарларына сенім келтіру. Алланың барлық Пайғамбарлары мен Елшілері әр халыққа шынайы дінді насихаттау үшін жіберілген. Олар – Алланың ең сүйікті құлдары. Олар күллі адам баласына үлгі. Адамзат баласына Адам атадан бастап Мұхаммед Пайғамбарға дейін 124 мың Пайғамбар жіберілген.

  5. Қиямет күніне сенім келтіру. Бұл дегеніміз Жаратушының жаратқандарының ажалы жеткеннен кейін Арасат мекеніне жинап, әділдік таразысына тартатынына және Өз әділдігі бойынша қалағанын Жұмаққа, қалағанын Тозаққа тастайтынына сену. Сондай-ақ Мүңкәр мен Нәкірдің сұрау алатынына, қабір азабының бар екеніне, Сиратқа (қылкөпір), Мизан (әділдік таразысы), Жұмақ пен Тозақтың бар екеніне сену.

  6. Тағдырға, жақсы мен жаманның Алланың қалауы бойынша жүзеге асатынына сенім келтіру.


  7.  

 

Шынайы мұсылман еш күмәнсіз сенімнің барлық негіздеріне сенеді. Сенім – тіл арқылы мойындалады, жүрекпен - расталады, тән құлшылығы және сүннетті сақтау арқылы  - орындалады.

 

Сенім келтірмейтін – кәпір, жүрекпен сенбейтін – екіжүзді (мұнафиқ) болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

Ислам (бойұсыну)

 

Жүрегінде иманы бар әр адам Исламның талаптарын орындауы қажет. Адамның Алла жүктеген парыздарды қаншалықты орындайтынына қарап, оның сенімі туралы айтуға болады.

 

Исламның көптеген талаптары, шарттары мен ережелері бар. Соның ішінде негізгі бес парыз бар. Және ол бес парыз барша мұсылманға міндет болған:


 


  1. Алланың хақ екеніне және Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік ету (шахада): «Әшһәду әнлә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ».

  2. Бес уақыт намаз оқу. Куәліктен кейінгі ең маңызды құлшылық – парыз болған бес уақыт намаз. Намаз – діннің тірегі және Алланың адам баласына берген зор нығметі. Намазсыз мұсылман шынайы мұсылман бола алмайды.

  3. Рамазан айында ораза ұстау.

  4. Зекет беру – Алла берген ризықтан кедей-кепшікке, жоқ-жітікке зекет беру.

  5. Қажылық. Мүмкіндігі бар адамның бәріне өмірінде кемі бір рет Мекке қаласындағы Қағбаны тәуәп ету парыз болған.


  6.  

 

Ихсан (Шынайылық)

 

Ихсан – бұл Алланы көріп тұрғандай қорқынышпен, шынайылықпен, жауапкершілікпен құлшылық қылу. Әр істе, әр құлшылықта шынайы болу. Алла Тағала біздің әр ісімізді, сөзімізді, ойымызды, ниетімізді біледі. Шынайылық болмаған құлшылықтан пайда жоқ.

 

 

 

 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

 

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары