Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайдалы іспен айналысу
20 қаңтар, 2021 жыл 509 Басып шығару нұсқасы

Ең әуелі бізді өз мейірімділігімен жаратқан, кеңшілігімен нығмет берген Аллаға сансыз мақтау мен мадақтар болсын! Исі мұсылманға Темірқазық болған, Алланың ақ дінін арқалаған ардақты Пайғамбарымызға сансыз салауаттар мен сәлемдер болғай!

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Асыл Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Адамның Исламды жақсы ұстануының белгісі – оның өзіне қатысы жоқтан бас тартуы». Аталмыш хадис көлемі жағынан қысқа болса да, мазмұны жағынан терең екені сөзсіз. Кей ғалымдар бұл хадисті діннің жартысы десе, кейбірі бүкіл дінді қамтиды, себебі мұнда бас тарту айтылған және қай амалдың қажет екені көрсетілген деген. Ғалымдардың ішіндегі шоқтығы биік болған ибн Ражаб: «Бұл хадис – әдептің ең ұлы негіздерінің бірі» деп пікір қалдырған екен.

Жалпы өзіне қатысы жоқ басқа адамдардың істеріне араласпау - мұсылманның туралығы мен иманының шынайылығының белгісі. Ал адамның өзіне қатысы жоқ істермен айналысуы өз күш-қуатын босқа жұмсауы мен иманының әлсіздігін көрсетеді. Себебі мұсылман әрбір сөзі үшін, өмірінің әр сағаты үшін, істеген әрбір ісі үшін жауапты. Уақытты тиімді пайдаланбау немесе пайдасыз іспен айналысу оның түсінігінің жеткіліксіздігін және Пайғамбарымызға тән әдеп-ахлақтардың жүрегіне орнықпағанын көрсетеді.

Әнәс ибн Мәлик былай деген: «Сахабалардың бірі өлгенде бір адам «Ол жәннатпен сүйіншіленді» деді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сен білмейсің ғой! Бәлкім, ол өзіне қатысы жоқ іс туралы айтқан болар немесе өзінде артық болған дүние-мүлікке сараңдық танытқан болар» деді». Әбу Заррға айтқан хадисінде: «Өзін-өзі білмейтін, бірақ өзіне қатысы жоқ іспен айналысатын адам жеткілікті дәрежеде жамандық істеген болады» - дейді. Бұдан байқайтынымыз маңызсыз істен бас тарту есендік пен құтылуға жеткізеді. Ертеде Лұқман хәкімге: «Біз куә болып жүрген жағдайға жетуіңізге не жәрдем етті?» деп сұрақ қойылған екен. Сонда Лұқман: «Мен шыншыл болдым, аманатқа қиянат қылмадым, маған қатысы жоқ іспен айналыспадым» - деген екен. Яғни Аллаға шынайы берілген жүрек өзіне қатыссыз пендешілік істерден аулақ болады.

Алла Тағала тек пайдалы іспен айналысуды, алтын уақытымызда ақыретке жеміс жинауымызды нәсіп етсін!

Сәтбаев қаласы

«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің

ұстазы Бауыржан Амангелдіұлы

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары