Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өлетін болсақ, не үшін жаратылдық?
26 ақпан, 2021 жыл 333 Басып шығару нұсқасы

Бірде Мұса пайғамбар (әлейхиссалам) өлім туралы ойланып отырып:

«О, Жаратушы ием! Адамдарды өлтіретін болсаң оларды не үшін жараттың?»-дейді.

Бұған жауап ретінде Алла Тағала Мұса пайғамбарға (әлейхиссалам) дән себуді бұйырады. Мұса пайғамбар  (әлейхиссалам) бидай егіп, егістікті күтіп, суарады. Уақыты келгенде егін бітік шығады.  Мұса пайғамбар (әлейхиссалам) егінін орып, қамбаға бастыруға кіріседі.

Сол кезде Алла Тағала оған:

— О, Мұса! Немен шұғылданып жатырсың? – дейді.

— О, Жаратушы ием! Мен егінді ордым, қазір дәнді сабаннан тазартып жатырмын – деп жауап қатады.

Сонда Алла Тағала:

— Міне, сенің сұрағыңа жауап осы Мұса! Өлім ораққа ұқсас. Орғаннан кейін дәннің сабаннан екшеленетіні сияқты өлім тақуа адамдарды күнәһарлардан ажыратады – деген екен.

Алла Тағала «Әл-Мүлік» сүресінің екінші аятында: «Алла сендерді істеріңе қарай сынау үшін өлім мен өмірді жаратты»-деген.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары