Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тазалық – иманның жартысы.
08 желтоқсан, 2020 жыл 580 Басып шығару нұсқасы

Ең әуелі әлемдердің Раббысы болған Аллаға сансыз мақтау-мадақтар болсын! Соңғы дінді кемеліне келтіре жеткізген сүйікті Пайғамбарымызға сансыз салауат-сәлемдер болғай!

Ислам дегенде тазалық ұғымы да қатар жүретіні рас. Мейлі ол жанның тазалығы болсын, мейлі тәннің тазалығы болсын. Асыл дінімізде қай құлшылықты жасасақ та, ең әуелі тазалықты еріксіз талап етері хақ. Дана халқымыз текке айтпаса керек, «Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық кепілі - тазалық». Барлық жақсы амалдың қайнар бұлағы болған Құран Кәрімде Алла Тағала тазалықтың жолдарын көрсетіп, күнә атаулыдан тәубемен тазарғандарды және дәретпен тәнін тазалағандарды: «Менің сүйікті құлдарым», - деп дәрежелерін көтеріп қойған екен. Бар әлемді жаратқан Раббымыздың өзі Құранда мақтаған болса, демек тазалықтың қоғамдағы рөлі өте зор. «Бақара» сүресінің 222-аятында айтылғандай: «Шүбәсіз, Алла қатты өкініп тәубе ететін тәубешіл құлдарын және үнемі тазаланушыларды жақсы көреді».

Сүйікті Пайғамбарымыздың хадистерінде де тазалық мәселесі кеңінен баса айтылған екен. «Тазалық – иманның жартысы», «Ислам діні – таза дін, сендер де таза болыңдар, жәннатқа таза болғандар ғана кіреді» деген секілді хадистердің өзі тазалықтың маңыздылығынан.

Ислам ғалымдары Құран мен хадистерге қарап, тазалықты төртке бөледі: біріншісі – дене, киім мен намаз оқитын жердің ластықтан тазаруы. Екіншісі – ғайбат, харам жеу, қиянат жасау, т.с.с. күнәлардан тазалану. Үшіншісі – жүректің қызғаныш, тәкаппарлық, рияшылдық, қаскөйлік, т.б. жаман әдет, аурулардан тазалануы. Төртіншісі – жүректің Аллаһтан басқа өзге нәрселерден тазаланып, «Аллаһтан басқа Құдай жоқ» таухидінің жүректен толық орын алуы.

Жалпы, мұсылман – таза адам деген сөз. Сол үшін тазалыққа басты назар аударуымыз керек.

Сәтбаев қаласы

«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің

ұстазы Бауыржан Амангелдіұлы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары