Нұров Махмұд Нұрұлы – «Бала қажы» мешітінің бас имамы.
Тілші: Дін - рухани мәдениет көзі. Ал рухани жаңғыруда алдымен жадымызды жаңғырту қажет. Яғни ұлттық сананы қалыптастыруда қандай салмақты істер атқарылуда?
- Ұлттық санасы биік ел бір жағадан бас, бір қолдан жең шығарып үлкен жетістікке жетеді. Елдігімен біріккен халыққа, саналы әрекеті мол ұрпаққа мұратына жету оңай. Себебі, бұндай қоғамда елді аяғынан шалатын кері тартпа әдеттер болмайды. Тарихпен ой бөлісетін, ұлттан өзін кіші санайтын, ұлттың дүниелеріне жауапкершілікпен қарап әрекет ететін жастар қатары көп болады. Тарихтың тағылымын қадірлеп, одан керегін ала алатын, діні мен діліне адал жұрт қоғамының болашағын өз болашағым деп қабылдайды.
Елбасы Нұрсыұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында көп істер атқарылды деп ойлаймын.
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратынан MUFTYAT медиа орталығы ашылды. Ол халықтың сұрағына тікелей жауап беруге көп пайдасын тиюде. Халық арасында туатын сенімсіздік, өзге жат ағымдардың құрсағында кетпеуге көмегін тигізеді. Я,ни. үйде отырған әке мен шеше баласының бойынан көрген өзгерісті мешітке жтпей ақ орталыққа қоңырау шалып біле алады. Нәтижесінде, ұрыс керіссіз мәселе шешіледі. Перзент те ата-ана да дұрыс ақпарат алады.
Ұлттық сананы қалыптастаруды көптеген діни кітаптар жарыққа шығып жатыр. Мешіт кітапханаларында ол оқулықтарды тегін оқуға болады.
Мешіттерде жоғары білім бар имамдар іріктеліп, жұмысқа алынуда. Бұл шариғи үкімдерді халыққа дұрыс жеткізу үшін өтье маңызды.
Дінаралық конфессилармен кездесулер ұйымдастырып, жаңа заман үрдісіне сай жаңа идеялармен жұмыс жасалуда.
«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ – ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕСІҢ», Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойына орай «30 игі іс» секілді шаралар өткізілуде. Бұл да халықтың санасына жақсылық жасау қажеттігін ұқтырса керек.
Тілші: Дәстүрлі дін ұлттық кодтың негіздерінің бірі екенін білесіз, бірақ соны бұрыс бағытта қолданып кетпеудің амалы қайсы?
- Біз ұлттық код, рухани жағыру, дінді дәстұрмен сабақтастыру дегенді дұрыс түсінуіміз керек. Ұлттық код ол – генетик. Дәстүрлі дін ол – қазақтың ертеден ұстап келген ислам дінін күнделікті әдеп-ғұрпымен орайластыруы. Бұл жерде дәстүріміз мынандай ол діннен бөлек деп айта алмаймыз. Әр ұлттың мәдениеті, сол ұстанған дінімен қалыптасады. Мысалы, үлкенді сыйлау ұазаұтың бойына сіңген мінезі дейміз. Ал ол Құранда айтылып, ата-бабамыз Алланың сөзіне берік болғандықтан, бойына мінез болып сіңіп кеткен.
Саналы ұрпақ ешқашан бұрыс жолға түспейді. Адаспас үшін ең басты білім керек. Ұлттың басын біріктіруде мемлекеттің дәнекерлік қызметі аса жоғары. Мысалы, тіліне, туыстығына, мінез-құлықтарына қарамастан, екі мемлекет құрғандықтан ағылшындар мен америкалықтар екі ұлт болып қалыптасты.
Ұлтты саяси тұрғыдан түсіну беделді халықаралық ұйымның – Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан да байқалады.
Мемлекетке ұлттық факторды күш-қуат береді. Кезінде екі мемлекетте өмір сүрген немістер, вьетнамдықтар бүгін бір ұлт болып қалыптасуда. Ортақ тарихи сана, тіл, дәстүр мемлекеттіке бөлінуден жоғары.
Тәуелсіздік тұсында бір миллионға жуық қазақ басқа мемлекеттерден тарихи Отандарына оралды. Бұл үрдіс жалғасуда.
Сондықтан, бізді ұлт, дәстүр, дін деп арамызды ажыратпас үшін өзара тату болуымыз, бірлікте болуымыз керек.
Өзіміздің бекіткен мүфтиятымыз бар. Сол мүфтияттың айтқанын істеп, сырттан келген біреудің артынан ермесек біздің ұлттығымызды да бірлігімізді де ешкім бұза алмайды!
Тілші: Рухани жаңғыруды әркім өзінше түсінуде, астарын аударып алып біздің көне дін осыдай болған деп жаңғыртамыз деп жүріп қаңғыртатындар да бар ғой (жат ағымды насихаттайтындар).
Бұл мәселе қазір қазақтың ішіне іріткі салғысы келетіндердің шығарғаны деп ойлаймын. Дәстүріміз бөлек, ислам бөлек деп қарауға болмайды. қазақтың дәстүрі сол исламнан негіз алған. Сондықтан бұл мәселені ары-бері тартып, қозғай берудің өзі артық. Жоғарыда айттым, бірлік бар жерде татулық та береке де бар.
Ұлттың ең басты қуаты – оның ішкі бірлігі. Абай айтқандай, «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос». Өзара жанашырлық, ұлтқа қызмет ету, тұрақтылықты, қауіпсіздігін ойлау, иманына берік болу, тәуелсіздікті қорғау керек бізге.
Тілші: Рухани құндылықты дәріптеуде дәстүрлі діннің ұстанған бағыты қандай? (ұлы ойшылдар туралы).
- Абай Құнанбаев:
Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөзі айырылмас, -деген Абай, Аллаға да оның «сөзі» «Құран Кәрімге»-де бар болмысы, жан-тәнімен сенген – кәміл мұсылман.
Абайдың түсінігіндегі иман – жай әшейін сенім емес. Мұсылманның бес парызы бар. Сол бес парыздың ең бастысы әрі ең негізгісі, ол – Алланың бар екендігіне, Құран оның сөзі, ал Мұхаммед пайғамбар оның елшісі екендігіне иман келтіріп, сенуі шарт. Абайдың ойынша Аллаға иман келтіруімізбен ғана іс бітпейді. Себебі, біздің оған сеніп, иман келтіруімізге Алла тағала мұқтаж емес. Құрғақ бір ғана сенім ешқандай пайда бермейді. Аллаға жан-тәніңмен, бар-болмысыңмен, оның өзіне ғана лайық ұлы сипаттарына шын беріле отырып, ақиқатыңмен, бар махаббатыңмен сенуің керек. Сол кездегі иман шын мәніндегі – кәміл иман болмақ.
Абайдың ізбасары, Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» еңбегі үш ақиқат: сенім ақиқаты, ғылым ақиқаты мен ар-ұжданды көрсетіп, адам үшін маңызды сұрақтарды көтеріп, оған өзінше жауап қатып, адамның рухани дамуының жолдарын тереңінен көрсеткен. Адам өмірі Жаратушының берген сыйы және аманаты болғандықтан пенде өзінің рухани жан дүниесін байытып, парыздарын орындап, ахлаған жетілдіруі тиіс.
Шәкәрім – өз ұлтын бар болмысымен сүйген ұлтжанды, өршіл ойшыл. Ол елінің болашағын, халықтың иманын ойлап, тұңғыиық терең рухани мұра қалдырған.
Ойшыл өзінің «Шошыма, ойым, шошыма» атты өлеңінде былай пайымдайды:
Шошыма, ойым, шошыма,
Келмейді жындар қасыма.
Таһараты жоқ сайтан,
Жоламас менің қасыма.
Қажыма, ойым, қажыма,
Қарама тозған жасыма.
Адаспасаң ақ жолдан,
Қонады бақыт басыңа.
Билет бәрін сабырға,
Кірме ажалсыз қабырға.
Сырласатын күн туар,
Жан қияр жақын тамырға!.
Бұл өлең жолдарында имандылық пен тән және жан тазалығының адам өміріндегі маңыздылығын айқындай келе, дені таза, жаны пәк, иманды жаннан қандай жағдайда да Алланың нұры жауып, бақытқа кенелетіндігіне сенімін білдірді.
Қорыта айтқанда
Имандылық тәрбиесін жас ұрпаққа игертудің ғылыми негізін Фараби, Баласағүни, Яссауи бабаларымыз салып, Абай, Шәкерім және Мағжан, Жүсіпбек даналарымыз тиянақтап қойған. Айталық: Қорқыт Ата былай деген: «Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бәрі екеу болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады.
Тілші: Рақмет, бізге берген сұқбатыңыз үшін
ihsan.kz
Пікірлер