Тілдік нұсқа
Радио

мақала

«Ілім алу – парыз».
06 қараша, 2020 жыл 543 Басып шығару нұсқасы

Ең алдымен бұл дүниенің бар асуынан өткізген, жақсылықты да, жамандықты да сынақ деп берген әлемдердің Раббысына шексіз мадақтар болсын! Құранды хадистерімен өре білген, бар болмысымен Құран болған Раббымыздың сүйікті елшісі Мұхаммед (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) пайғамбарымызға сансыз салауаттар болғай!

Барша исі мұсылман білетін қырық парыздың бірі әрі бірегейі - ілім алу. Ислам дінінің ұлықтығы да осында! Себебі ілімді парыз деп амал қылу Исламнан басқа дінде жоқ. Әуелгі илһәмның өзі "Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы!" деп түскенінің өзі ілімнің маңыздылығын баса түскендей. Оны "Бір Аллаға сиынып, кел, балалар, оқылық!" деп ұрандатуымызды айтсаңызшы! "Дін -  апиын" деген тұста Ыбырай аталарымыздың бұлай ұрандауының өзі - парызды орындауға асыққандығының көрінісі. Тіпті пайғамбарымыздың ((оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) "Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен" деген хадисі қанымызға сіңіп кеткендігі соншалық, ол құдды бір ата салтымыздан қалған сөз деп ойлап қаламыз.

Ғылым мен білімнің қадір-қасиеті туралы Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді: "Білетіндер мен білмейтіндер тең болады ма?!" Аталмыш аяттың өзі білім ізденуге ынталандыратыны хақ. Себебі хадисте келгендей, ғалымның қарапайым құлшылық етушіден артықшылығы - аспандағы толық айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай.

Бұл орайда ең баса айтылатын маңызды дүние - ілімнің алынуы діни немесе дүниеауи деп бөлінбеуінде. Себебі нағыз мүмін мұсылман - қоғамға пайда келтіре алғаны. Тек діни білім алып, басқа ғылымды шетке ысырып қою өте қате пікір болып табылады. Сіз физиканы оқысаңыз да, тарихты оқысаңыз да, биологияны оқысаңыз да - мұсылмандық міндетіңіз ретінде қоғамды алға жылжытуға үлес қоссаңыз - міндеттің орындалғаны! Әрбір дінін сүйетін мұсылман өз саласында биіктерді бағындырып, мамандығын терең игеруі қажет.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Муғаз бин Жабал айтқандай, "Білім алыңдар! Білім алу - Алладан қорқу. Білімді талап қылу - ғибадат. Алған білімді қайталау - тәсбих. Білімге ынталану - жиһад. Алған білімді тарқату - құрбандық. Білімді білмегендерге үйрету - садақа".

 

Сәтбаев қаласы

«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің

на

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары