Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА 1 000 000 САЛАУАТ ЖОЛДАЙЫҚ!
04 қараша, 2020 жыл 184 Басып шығару нұсқасы

Мәуліт айының құрметіне орай «Нұр Астана» мешіті «Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 1 000 000 салауат» атты жобаның басталғанын хабарлайды.

– Барша мұсылманның жүрек төрінен орын алған сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айын ерекше құрметпен қарсы алу әдемі үрдіске айналғаны белгілі. Осы айдың құрметіне «Нұр Астана» мешітіне қарасты «Ummet.kz» сайты «Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 1 000 000 салауат» атты тың жобаны былтыр іске қосқан еді.  Мінеки, осы жылы да мәуліт айының құрметіне жаңғыртып отырмыз. Көп түкірсе көл болады демекші, ниетіміз - барша қазақ бірауыздан бір мезгілде оқыған салауаттары арқылы еліміз Алланың мейіріміне, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйіспеншілігіне бөленсе, әрбір атсалысқан кісі сауапты амалдан теңізден тамшыдайын үлес алса, - дейді игі жобаның ұйымдастырушылары

Жоба туралы толық ақпаратты осы жерден біле аласыз. Ал «Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 1 000 000 салауат» оқу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://ummet.kz/salauat/

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары