Қазіргі таңда көптеген дәрілерге, иіссуларға, азық-түлік құрамына т.с.с. өнімдерге белгілі бір мөлшерде спирт қосылады. Спиртті қосудағы мақсат – құрамындағы кейбір заттарды еріту және ұзақ мерзімге сақтау.
Имам Ағзам Әбу Ханифа (Алла ол кісіге рақым етсін) мәзһабында жүзім мен құрмадан өндірілген шарап – нәжіс әрі харам. Техникалық, медициналық спирттер адамды мас ету тұрғысынан харам саналғанымен, синтетикалық және ферментациялық жолмен алынғандықтан, нәжіске жатпайды.
Спирттің қандай да бір түрі тағамға қоспа ретінде қосылса, алайда құрамы өзгермесе, шариғи тұрғыдан ондай тағамды тұтынуға рұқсат етілмейді.
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мас ететін ішімдіктің азы да, көбі де – харам» (Тирмизи) деген.
ҮКІМ:
Шариғат және пәтуа бөлімі
«Мұнара» газеті, №17, 2020 жыл
muftyat.kz
Пікірлер