Өмірге келген әр адамның мойнына жүктелетін парыздары мен міндеттері бар. Сол міндетіміздің бірі – ата-анамызды сыйлау, құр- мет көрсетіп, қадірін түсіну. «Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады» деп дана халқымыз айтқанындай ата-анамыз бізге бала күнімізде бар мейірімін төгіп, біздің жақсы адам болуымыз үшін, қатарымыздан кем болмай, қатарымызбен тең болуымыз үшін барын салып, еңбек етеді. Сондықтан да ата-анамыз қартайып, біздің көмегімізге зәру болғанда біз ол кісілерге құрмет көрсетіп, мейіріммен қарай білсек біздің адамдық борышымыз орындалған болмақ. «Ана алдында құрмет, Ата алдында қызмет» деген аталы сөз де жоғарыда айтылған сөзімді дәлелдей түседі.
Асыл дінімізде де ата-ананы қадірлеуді маңызды міндеттер қатарына қосады. «Лұқман» сүресінің 14-аятында «Сен маған және ата-анаңа шүкір ет» деп айтылуы Алла Тағаладан кейін ата-анамызға мойынсынуымыз керек екенін аңғартады. Ата-анасына қызмет еткен адамның өмірі ұзақ және берекелі болмақ. Ата-анамыз тірі күнінде қызметін жасап, батасын алу біз үшін үлкен мәртебе. Хадис-шарифтерде қабыл болатын дұғалар қатарына ата-ананың балаға жасаған дұғасын ерекше атап өтеді. Сол себепті ақ жаулықты аналарымыз және біз үшін тер төккен әкелерімізді разы етіп, баталарын алсақ бүгінгі және келер күніміз үшін үлкен пайдасы тиері сөзсіз. Ата –ананы сыйлау жайлы басқа аяттарда оларға дауыс көтеріп, ұрыспақ түгілі «туф» деп жекіруге болмайты- ны айтылады. Демек, барынша көркем мінезімізбен, бар жақсы сөзімізді айта отырып, дегендерін орындап отырсақ сауабы мол болмақ.
Өкінішке орай, қазіргі таңда өзін аялап, тоғыз ай құрсағында көтерген анамыздың бір ғана сөзін көтере алмай ренжіп, құрметсіз-дік көрсетіп жүргендер қаншама?! Елімізде «қарттар үйінің» әлі күнге дейін бар болуы көңілге кірбің ұялатады. Қартайғанда жете-леп өсірген баласының жанында бола алмау қандай ауыр және тірі бола тұра ата-анасының разылығын алуға тырыспау қандай нәубет десеңізші?!
«Ата-ана тәрбиесі - бала мінезінің іргетасы» деп даналарымыз айтқандай, балаларымызға ата-анамызды құрметтеу, сыйлаудың маңызын кішкентай күнінен жадына сіңіре білсек бұл олқылықтың орны толар еді. Бәлкім сонда, қараусыз қалған қариялар азайып, «қарттар үйі» болмас па еді?!
«Ата-ананың ашуы – Алланың ашуы, ата ананың разылығы – Алла- ның разылығы» деп асыл дінімізде айтылғандай ата-ананың қадірі, сый-құрметі, разылығы біз үшін ең бірінші орында болуы тиіс. Жанымызда жүрген, біз үшін тек ең жақсыны тілейтін аяулы жандарымыз аман болсын. Ата-анамыздың разылығын, батасын алу әр мұсылманға нәсіп еткей!
Қаражал қалалық мешітінің бас имамы
Советов Талғат.
ihsan.kz
Пікірлер