Тілдік нұсқа
Радио

мақала

«Қайыр» сөзінің астарында не жатыр?
26 ақпан, 2021 жыл 25055 Басып шығару нұсқасы

Қазақта «қайыр» дейтін жақсы бір сөз бар. Бұрын осы сөздің астарын, терең мән-мағынасын жете түсінбеппін. Бұл сөзді әлдебір қуанышта – құттықтау, қайғыда – басу айту сөзі ретінде ғана қабылдаппын. Ал шынында «қайырлы болсын», «қайырын берсін» деген сөздердің түп-төркіні дінімізде, сенімімізде, иманымызда жатқанын бағамдамаппын. Айтқандай осы сөздің өзі де қазақтың діннен алыс еместігін, дәстүріміздің дінге қайшы емес екенін тағы бір мәрте дәлелдесе керек. Бұл басқа тақырып. Қайыр сөзіне қайта оралайық. Бұл сөздің біздің ұлық дінімізбен байланысы бар деп те ойламаппын. Ол қандай байланыс дейсіз ғой. Исламда, шариғатта жалпы әр нәрсенің соңы қайырлы болуын, соңы жақсы болуы сұрау деген ұғым бар. Бұл ғана емес, қайыр сөзі Құранның қаншама аяттарында, Пайғамбарымыздың (ﷺ) қаншама хадистерінде түрлі жағдайларға орай неше мәрте кездеседі.

 

Сонымен, қайыр сөзінің бізге, әр адам, әрқайсымыз үшін қаншалықты қатысы бар? Мәселен:

 

 

Пенденің тарапынан жасалатын ең бір ибасыздық – әлденені Алладан қоймай сұрау. Кейде ішкі қалауымыздың жанымызды өртейтіні соншалық сол тілегіміз орындалғанша тағат таппай кетеміз. Алла Тағала мұндай дұғаны қабыл етсе, кейбір жағдайлардың соңында көптеген қиындықтар, сәтсіздіктер де болып жатады. Сол кезде тілегі орындалған пенде Жаратушыдан осы қиындықтардан құтқаруды сұрайды. Адам о баста дүниелік тілегін сұрағанда сабырлылық танытып, Алладан қоймай сұрауға ұялып, үмітін үзбегенде Алла Тағала бұдан гөрі қайырлы, жақсысын нәсіп қылар ма еді? Міне сондықтан да Алладан дүниелік тілекті сұрағанда да сабырдан аттап кетуге болмайды. Дұға қылып, дұғасында өзі үшін ҚАЙЫРЛЫСЫН сұраған абзал. Себебі сұраған тілегі орындалғанымен соңы қайырлы болмаса ол да қиын. Бұл адамның өзіне, дүниелік тілек-қалауларына қатысты. Ал өзгелердің сыртынан қанша дұға жасаса да рұқсат.

 

 

Кейде жақсылық сынақтарға жасырылса, сынақтар – жақсылыққа жасырылады. Егер біз қолда бар жақсылықтарымызға үңіліп қарар болсақ, оның да кейбір келеңсіз тұстарын көреміз. Себебі берілген нәрселердің де сұрауы бар. Сол сұрауын, хақысын, міндетін мұсылман толық орындай алмаса оның қаншалықты қайырлы екенін белгісіз.

 

 

Ал басымызға түскен қиындықтарға үңіліп қарасақ оның астарында үлкен иігіліктер, қайыр жатқанын көреміз. Ол бізді өкіндіреді, сол арқылы тәубемізге түсіреді, бойұсынуға үйретеді, солайша тәкаппарлықтан арылтады.

 

 

Қазақтың «қайыр» дегені осы. Демек қуаныш пен қиындық қана емес, күнделікті әр ісіміздің, өмірімізде орын алған әр оқиғаның, әр жағдайдың қайырын сұрау абзал. Алла Тағала әрқайсымызға қайырлы дүниені нәсіп қылсын дейік!!!

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары