Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбардың (ﷺ) ұмытылмастай «қымбат естелігі»
26 қаңтар, 2016 жыл 256 Басып шығару нұсқасы

i1Пайғамбар 25 жасқа келгенде Құрайыш руының мәртебеліcі Хазіреті Хадишамен үйленіп, бас қосты. Таза текті әйел


Хазіреті Хадиша өзімен және мал-мүлкімен Оған жаңа бір күш-қуат әкелді. Хазіреті Хадиша «Жаратылыс Нұры» болған пайғамбарымыздан он бес жас үлкен, балалы, жесір әйел еді. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) онымен бүкіл адамзатқа үлгі боларлықтай тап-таза өмір сүрді. Бір күні Хира тауынан ғажайып бір әсермен асығып үйіне қайтып келіп:


– Ей, Хадиша, маған кім сенеді, - деп айтқанда, мүбәрәк жолдасы «Жаратылыс Нұры» болған жұбайына: «Алланың сені ешбір уақыт ұмытпайтынына және ешқашан мақсатыңа жеткізбей бос жүргізіп, ұялтпайтынына ант етемін. Өйткені сен туысыңды қорғайсың. Өз ісін атқаруға күші жетпеген әлсіздердің ісін өз мойныңа аласың, жарлы-жақыбайларға садақа таратып, ешкімнің бере алмайтынын бересің. Қонақты сыйлайсың, әділдікті жоқтап ортаға шыққандарға көмек бересің… Әй, Алланың Елшісі, мен сені қабыл етіп мақұлдаймын! Осы Алла жолына ең алдымен мені шақыр»,-деп ең алғашқы сенген және ең алғаш сүйеніш болған адам болды. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның рухани байлығын, нәзіктігін және асылдығын ешқашан ұмытпаған. Сондықтан Хазіреті Хадиша қайтыс болғаннан кейін де егер құрбан шалынатын болса, әрдайым бір бөлігін Хазіреті Хадишаның туыстарына жіберетін. Хазіреті Хадиша барша дүниесімен «Жаратылыс Нұры» болған пайғамбардың ұмытылмастай «қымбат естелігі» болды.


Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жанұялық өмірінің жас және мықты шағындағы алғашқы жиырма төрт жылы тек қана Хазіреті Хадишамен (радиаллаһу анһа) бірге өткен. Ал бұдан кейінгі некелері толығымен Ислами және саяси негізбен болған. Бұл әйелдердің көбі өзінен жасы үлкен және жесір болған ханымдар еді. Іштерінде беті ашылмаған жас қыз тек қана Хазіреті Айша болды. Бұның себебі шариғат бойынша әйелдерге қарасты мәселелердің тұрақтылығын және анық болуын қамтамасыз ету еді. Шынында да Ол ақылымен және парасаттылығымен әйелдерге қарасты шариғат мәселелерін толық түрде шешкен және Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайтыс болғаннан кейін ұзақ жылдар өмір сүріп, мұсылман әйелдерге ұстаз болып, шариғат үкімдерінің бір бөлігінің негізін ұйымдастырған. Негізінде Пайғамбар: «Діндеріңіздің жартысын Айшадан үйреніңіздер», - деп келешектегі бұл ақиқатқа ишарат


еткен. Пайғамбарымыз (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Айшамен бас қосуының екінші бір себебі Сәур үңгіріндегі «екеудің екіншісі» деп аталған Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) мен болған рухани жақындықты, оның қызы Айшамен некелесу арқылы туыстық жақындықпен күшейтуді армандағандықтан болды. Бұл некелердің қандай сәулетті мақсаттары мен өзіндік сырлары болғанын, тек қана Иман түсінігі бар білімді және ұжданды адамдар түсіне алады. Миссионерлер сияқты ниеті бұзық қауымның айтқанындай бұл некелердің себебі әйелжандылық болса, ол мүбәрәк адам өмірінің ең жас әрі қайратты шағын өзінен он бес жас үлкен, балалы, жесір әйелмен өткізбес еді. «Бұл некелердің себебі тек қана әйелжандылық»,- деген көзқарастағы надан, қарапайым және таяз түсініктілер бұл ақиқатты аңғара алмайды. Зейіні мен көңілдерін нәпсіге бейімділік жаулаған адамдардың ақиқатқа жатпайтын, ақымақтықпен берген үкімдері – қараңғы көңілдерінің көрінісі болса керек. Әлемнің жаратылуының себепшісі болған бұл кісі пәк бір жастық және ұлы да сәулетті бір жанұялық өмір сүргеннен кейін қырық жасында пайғамбарлық дәрежесіне жетті.


РАХМЕТ ПАЙҒАМБАРЫНАН РАХМЕТ САМАЛЫ


Осман Нұри ТОПБАШ

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары