Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қазақстандағы ислам атын жамылған деструктивті ағымдар негізі мен жалпы сипаттамасы
21 қыркүйек, 2020 жыл 329 Басып шығару нұсқасы

          Дін - мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі,  әрі ішкі тұрақтылықтың кепілі. Талай  ғасырлар бойы қазақ халқы Ислам дінін өз бойына сіңіріп, Ислам аясында мың жылдан астам ғұмыр кешті. Сол кезде Əбу Ханифа мəзхабын ұстанған қазақ халқы өз тарихында дін негізіндегі бөлінушіліктерді, қақтығыстарды басынан өткерген жоқ. Шындыққа тура қарап келгенде, экстремизм мен ланкестік əрекеттерді белгілі бір ұлтпен немесе дінмен байланыстыруға болмайды. Қазіргі таңда қоғамымызды, адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Олардың біз білмейтін талай түрі бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықты зиян келтіріп жатқанын көптеп естиміз де. Қазір елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Олардың барлығының мақсатымен ортақ мүдделері бір.  Алайда, қазіргі басты  әрі өзекті мәселелердің бірі жастарды адастырып, тура жолдан тайдырып жүрген керағар діни ағымдар көбеюде. Соның салдарынан отбасылардың ажырасуы көбейіп, түрлі дінді ұстанудың нәтижесінде жанұяларда ұрыс-керістер орын алып, көптеген бөлінушіліктерге негіз болуда. Теріс діни ағымға бейімделгіш жандар аңғал, сенгіш келеді. Оларды алдап-арбау, қандай да бір теріс мақсаттарға қолдану дәстүрлі емес діни ұйым көсемдері үшін аса қиын шаруа емес. Себебі жүйкесі, ойлау қабілеті зақымданған адамдар шындық пен өтіріктің арасындағы алшақтықты айыра алмайтындықтан, көсемдерінің айтқанына тез бой алдырып, солардың арбауына түсіп, айтқандарына көнеді.  Сондықтан біздер кешегі тарихымызға үңіле отырып, болашаққа байламды бағдар жасауымыз керек. Ол үшін ертеңгі ұрпағымызды саналы азамат ретінде қалыптастыру мақсатында оларға осы бастан таухидті, Алланың бірлігін үйретуге міндеттіміз. Бірлік – мұсылмандықтағы басты қағидалардың бірі болып саналады. Бұл жөнінде Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Түп-түгел Алланың жібінен (дінінен) бекем ұстаңдар да, бөлінбеңдер», – деген. Ал, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Ей, адамдар! Естеріңде болсын! Раббыларың біреу, ешбір араб араб еместен, араб емес арабтан, ақтың қарадан, қараның ақтан діндарлығынан басқа ешқандай артықшылығы жоқ. Күмәнсіз, Алланың алдында ең мәртебелілерің тақуа болғандарың».  Алла Тағала Құран Кәрімде: «Аллаға бағыныңыздар, оның пайғамбарына бағыныңыздар және өз араларыңыздан болған басшыға бағыныңыздар», - деген. Құран Кәрімде ел арасында ірткі салудың күнәсі адам өлтіргеннің күнәсінен де ауыр, ал бір адам өлтірудің күнәсі жер бетіндегі бүкіл адамзатты өлтіргенмен бірдей дейді. Сондықтан ел арасына іріткі салып жүрген кереғар діни ағымдардың іс-әрекеттеріне жол бермеу – баршамыздың жұмыла атқаратын жұмысымыз болуға тиіс. Олармен қоғам болып күресу арқылы тосқауыл қоюымыз қажет. Осыны әрбір жан өзінің асыл борышы ретінде түсініп, соған сай әрекет жасаса дұрыс болар еді. Белгілі бір тұлғалардың айдап салуымен ашу-ызаға бой алдырған мұндай топқа қарсы келу, оларды жолынан қайтарам деу өте қауіпті екені түсінікті.  Ендеше ауызбірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бейбітшілігіміз баянды, дініміздің  діңгегі биік болсын!

 

Тағаев Нұрбол Сайлауұлы,

Жезқазған қаласы, «Ахмет Ишан

Оразайұлы» мешітінің бас имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары