Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құдайға құлшылық етудің жемісі
15 қаңтар, 2016 жыл 301 Басып шығару нұсқасы

Өзіңнің әлсіздігіңді мойында. Сонда Жаратушы ие сені Өзінің күш-құдыретімен қолдайды. Өзіңнің дәрменсіз және кедей екеніңді түсін. Сонда Алла Тағала саған Өзінің байлығымен көмектеседі.


Себебі өзінің Аллаға әрдайым мұқтаж екенін сезініп, онысын құлшылығы арқылы дәлелдейтін адам ең үлкен байлыққа ие болады. Яғни Алла Тағаладан өзге ешкімге және ештеңеге мұқтаж болмайды.


Құл үшін Құдайдан асқан қорған жоқ. Және кім Алланың алдында өзінің дәрменсіз құл екенін сезініп, түсініп, онысын әрдайым жадынан шығармайтын болса Алла Тағала оған көмектеседі. Алла Тағаланы жиі еске алу, көп зікір ету құлдың бойына осы қасиеттерді сіңіре түсіп, оны Раббысына жақындатады. Ал, Алла Тағала оны нығметке бөлейді.


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары