Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кешең – ұстазың, бүгінің – досың, ал ертеңің…
11 тамыз, 2020 жыл 29 Басып шығару нұсқасы

Хасан бин Һарун бин Сулеймен әңгімелейді. Ғұлама табиғин Суфиян бин Уйайнә бізге: «Ежелде күн – үш күннен тұрады,-деуші еді. Бірінші – кешегі күн. Кешегі күн – саған тәрбие берген дана ұстаз сияқты. Саған, даналығын қалдырып кетеді. Екінші күн – бүгінгі күн. Бүгінгі күн – сен ұзақ күткен досың іспетті. Бірақ, сенің жаныңда ұзақ қала алмайды. Ол тез арада сенімен қош айтысып жолға шығады. Сондықтан, досыңнан пайдаланып қал. Ал, үшінші күн – ертеңгі күн. Ертеңгі күн – ол бұлыңғы болашақ. Ол сенің маңдайыңа жазылған ба, жоқ па беймәлім. Оны ешкім білмейді»,-деп айтқан еді.

Ғұлама адам өмірін ғажайып түрде түсіндіруде. Адамға өткенге ешбір өкінбеу керектігін меңзеуде. Керісінше, өткен күн қателігінің өзі адамға баға жетпес сабақ болмақ. Сондықтан кешегі күнді данышпан ұстазға теңеуде. Ал, бүгінгі күн – досың. Бірақ, бұл досың сенімен ұзақ тұрмайды. Досыңның қадірін білгендей, тыныстап тұрған күннің қадірін түсініп, бүгін жасауға мүмкіндік бар шаруаны ертеңге қалдырмауға тырыс. Үшінші күн – ертеңі күн. Бірақ, ол бұлыңғыр. Ертеңге сеніммен қарау керек. Алайда, сеніммен қарау мен селқос қарауды шатастырып алмау маңызды. Өйткені, жалқау мен жігерсіз адам бүгінгі күнін «ертеңге сеніммен» өлтіріп жатады.

Руслан ҚАМБАР

https://kazislam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары