Тілдік нұсқа
Радио

мақала

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚ ЕЛІН ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
31 шілде, 2020 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, 31 шілде күллі мұсылман үмметінің төл мерекесі Құрбан айт басталды. Айтулы мейраммен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ елін құттықтады. Мемлекет басшысының Құрбан айтпен құттықтауын назараларыңызға ұсынамыз.

 

Құрметті отандастар!

 

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығын бекемдеп, рухани құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналған қастерлі мейрамның күллі мұсылман әлемінде алатын орны ерекше.

Тарихымызбен тамырлас, танымымызбен өзектес Құрбан айт Қазақстан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейді. Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашады.

Бүгінде жалпы адамзатқа ауыр салмақ салып отырған қауіпті індетті жеңіп шығу үшін бізге тас-түйін ауызбіршілік пен темірдей тәртіп қажет. Қазіргідей күрделі кезеңде бір-бірімізге қол ұшын беріп, барымызды бөлісіп, жұртымыздың аман-саулығын ойлап, жауапкершілік танытуымыз аса маңызды. Тілегіміз бір, ниетіміз ортақ болса, мақсатымызға жетеміз. Бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын бұл мерекенің мән-мағынасы да осында екенін баса айтқым келеді.

«Сабыр – сәулетті байлық» дейді халқымыз. Рухы асқақ ел ретінде барлық сынақты еңсеретінімізге сенемін.

Әр шаңыраққа құт-береке тілеймін! Халқымыздың амандығы үшін шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Құрбан айт баршамызға жақсылық әкелсін!

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары