Тілдік нұсқа
Радио

мақала

БАЙҚАЙСЫЗ БА, ҚҰРАНМЕН БАЙЛАНЫСҚАН БАРЛЫҚ НӘРСЕ ЖАҚСЫЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ!
19 маусым, 2020 жыл 145 Басып шығару нұсқасы

Құран Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбірейіл (а.с) періште арқылы түсіп еді, Жәбірейіл (а.с) періштелердің ең үлкеніне айналды!

Құран Мұхаммед пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түсіп еді, ол Қиямет күні өз үмметіне шапағат ету құқығы берілген ең соңғы пайғамбарға, барлық пайғамбарлардың мырзасына айналды!

Құран Мұхаммед (ﷺ) үмметіне түсіп еді, бұл үммет - адамдардың ішіндегі ең абзал үммет атанды!

Құран Рамазан айында түсіп еді, ол ай "айлардың сұлтаны", "қасиетті ай"  деп аталды!

Құран Қадір түні түсіп еді, ол түн мың айдан да қайырлы, тілектер қабыл болатын ең керемет уақытқа айналды!

Демек, Алланың сөзімен, Құранмен байланысқан барлық нәрсе қадірлі, құрметті  болады екен!
Онда сіз де Құранды, оның қазақша аудармасын ашып, қарап, оқып көріңіз!

Егер Құран адамның жүрегіне кірсе, онда ол адамның сенімі берік, мақсаты айқын, ісі мен сөзі тұрақты бола бастайды. Өміріне береке кіреді!

Құран оқылған, Құранмен амал еткен әрбір күн, әрбір түн, әр сағат – қадірлі!
Сондықтан сіздің ең жақсы күніңіз – уақытыңызды Құран оқумен өткізген күніңіз екенін ұмытпаңыз, дос!

asyiarna.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары