Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жомарттық сыйы
06 қазан, 2015 жыл 104 Басып шығару нұсқасы

Бағзыда Құдайға қараған ерлі-зайыптылар өмір сүріпті. Бақуатты болмаса да, маңдай тер, адал еңбектерімен несібелерін тауып күн көріпті. Жұбайы жіп иірсе, ері сол жіпті базар аралап сатады екен. Содан тапқан табыстарына тәп-тәуір күн көреді. Бірде жібін бір дирхемге сатып, үйіне қайтып келе жатқан отағасы дауласып келе жатқан екеуді көреді. Дауларының мән-жайын сұраса, әлгі екеуі бір дирхем үшін дауласып келе жатыр екен. Жанжалды ушықтырмау үшін қолындағы жіп сатып тапқан бір дирхемін соларға беріп, үйіне қайтады. Үйіне келіп болған жайды жұбайына айтады. Жұбайы ақылды болатын. – «Дұрыс істепсің. Мен сені қолдаймын»-дейді.


Келесі күні ері тағы да тауарын алып базарға аттанады. Жолда оған балықшы жолығып, жібін жақында аулаған балыққа айырбастауды сұрайды. Ол келіседі. Балықты үйіне әкеліп әйеліне ас әзірлеуге береді. Әйелі балықты тазалай бастағанда, балықтың ішінен үлкен меруерт шығады. Ерлі-зайыпты екеуі әлгі меруертті зергерге апарғанда, зергер оны қымбатқа бағалап жүз жиырма мың дирхем беріпті. Келесі күні ерлі-зайыптылардың үйіне бір  кедей садақа сұрап келеді. Сонда ерлі-зайыпты екеуі зергер берген соманың жартысын әлгі кедейге береді. Ал содан келесі күнінде бір қария келіп: «О, қадірлі адамдар! Мен Алла Тағаланың елшісімен және сендерге қуанышты хабарды жеткізгелі келдім. Алла Тағала сендерге кедейлік арқылы сынақ жіберді. Сендер бойұсынып көндіңдер. Содан кейін Жаратушыларыңа шүкіршілік етуді ұмытпадыңдар. Бұл сыйдың бәрі сендердің бір дирхемді қиған жомарттықтарың үшін»-депті де, із-түссіз ғайып болып кетіпті.



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары