Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ұстазға құрмет – шəкіртке міндет
05 қазан, 2015 жыл 764 Басып шығару нұсқасы

  Əр адам ес кіре бастағаннан білуге, үйренуге талпынады. Бір қызығы, бұл дүниеден хабарсыз жаңа туған сəбиден есейе келе, əлемді аузына қаратқан дана да, ойшыл да шығады. Осынау ақыл толыстырып, білімін шыңдау сапарында ол бір адамға ерекше қарыздар екенін сезінеді. Ол – ұстаз. Ислам дінінде ілім үйретуші ұстаздың орны жоғары бағаланған. Ілім үйрету − ең сауапты əрі қадірлі іс болып есептелген. Қасиетті Құранда «Айтшы, білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» («Зүмəр» сүресі, 9-аят.) – делініп, көзі ашық, білімді адамның тұғыры қашанда биік тұратындығы айтылса, хадистерде де ілім үйретушіні əрдайым сыйлап, құрметтеу керектігі ескертілген. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) бір хадистерінде: «Ілім үйреніңіздер, ілімге қажетті байыптылық пен байсалдылықты да қоса үйреніңіздер. Сіздерге ілім үйреткен кісіні құрметтеңіздер, сыйлаңыздар» (Хайсами, Мəжмауз-зауаид, Илм, 1/129, 30.) «Садақаның ең жақсысы – ілім үйреніп, оны басқаларға үйрету» (Тирмизи, Илм, 7.) . «Адам қайтыс болғанда, амал дəптері жабылады. Мына үш кісінің ғана сауабы жалғаса береді: артынан дұға жолдайтын игі ұрпақ қалдырған, ел игілігіне жарайтын дүние салдырған, артына ілім қалдырған адам» (Ибн Мажа, Сүнəн.) – деп, ілім үйретушінің сауабы екі дүниеде де тоқтаусыз екендігін білдіріп, ғалымдарды сыйлауға, ұстаздарға құрметпен қарауға шақырған.


      Анығында «ұстаз» деген кім? Ұстаз − шəкіртін өмірге баулушы, оған өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нəрін егуші, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, өзінің тəжірибесімен бөлісетін жанашыры əрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тəрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» (Абай) демекші, тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, əрдайым сондай бір ізетпен еске алған. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын − Аристотельді, Абылай хан − Төле биді, Шəкəрім − Абайды, Бердақ − Күнқожаны, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне ақылшы əрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген. Мəселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын: «Мен ұстазыма əкемнен кем қарыздар емеспін. Əкемнен өмірді алсам, ал Аристотельден сол өмірге керектінің бəрін алдым», – деп еске алатын болған. Расында, ұстазға құрмет – шəкіртке сын.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары