Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Уақыт және мен
17 ақпан, 2020 жыл 560 Басып шығару нұсқасы

Уақыт және  мен

Атақты ақын атамыз Мұқағали Мақатаев уақыт жайлы былай деген еді:

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды бұл өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға!

Иә, шынымен де, уақытты ешкім ешқашан тоқтата алмайды. Уақыт – біздің өміріміз. Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс күн мен оның сәулесі, ағаш пен жемісі, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Басқа жаратылыстарды айтпағанда, адамзаттың уақыт пен мекенге мұқтаж екеніне ешқандай талас жоқ. Кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақытты ұлы ұстаз дейді. Ал мен уақытты ұстаз санайтын қауымның қатарынанмын. Уақыттың мені сүріндірген кезі болған емес дей алмаймын. Алайда қолдаған, басымнан сипап көтерген сәті аз емес. Ес біліп, етек жинаған сәтімнен бастап саналы әрекет етуіме, сылбыр ойға жол бермеуіме, ақыл таразысына абай болуыма әсер еткен отбасымдағы тәрбие десем, тәрбиенің бойыма сіңімділігіне әсер еткен уақыт пен оның төрелігі дер едім. Уақыт – менің өмірім. Мен уақыттан, ол менен ажырай алмаймыз. Ширек ғасырға жетпейтін жиырма жылдық өмірімді уақыт таразысына салып қарасам, ол мені біраз есейтіпті. Бір түйгенім: уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді екен. Сыйлаған қуанышы мен қайғысының төрелігін өзі беріп, емін де өзі жасайды. Біздің қолымыздан бәрі келеді. Біз біраз нәрсені жасап өзгерте аламыз. Тек уақытты емес. Біз уақытқа ешқашан әсер ете алмаймыз. Адам өз тіршілігінің әр сәтін үнемі алдын - ала жоспарлап дұрыс бағытта пайдалануы, уақытты алтыннан да ардақтап жоғары бағалауы қажет. Себебі алтынды ақшаға сатып алуға болғанымен уақытты ешқандай бағада сатып ала алмайтынымыз, өтіп бара жатқан уақытты іркіп, аялдатып, не өтіп кеткен уақытты қайта шегіндіре алмайтынымыз белгілі. Ол -  ақиқат.  Сол себепті де қазіргі әр секунд, минутымызды тиімді пайдалана білуге тырысайық! Уақыт қайтып келмес – дүние!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары