Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) медицинасы
01 қазан, 2015 жыл 217 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбар медицинасы – Мұхаммед Пайғамбардың сүннетімен жеткен медицина. Алла елшісінің медицинасында шариғат заңдылығы бар.  Пайғамбарымыз (с.ғ.с):  «О, Алланың құлдары! Емделіңдер, себебі дертті жаратқан Алла оның шипасын да жаратқан. Тек кәріліктің емі жоқ»-деген.


Пайғамбарымыздың өзі де, отбасы мүшелері де ем қолданған. Ол сол кезде бар, адам ағзасына пайдалы заттарды қолдануға кеңес берген. Соларға тоқталсақ:



Бал


Дертке шипа болар заттың бірі – бал. Құранда: «Раббың бал арасына былай деп уаһи етті: «Таулардан, ағаштардан және адамдар салған күркелерден өзіңе ұя жаса. Сосын әр түрлі жемістермен қоректеніп, Раббыңның саған жайылуға жеңілдеткен жолымен жүр!». Араның қарнынан түрлі-түсті бал шығардық, онда адамдарға шипа бар. Әлбетте, мұнда ойланған қауым үшін ғибрат жатыр» («Нахл» сүресі 68-69 аяттар).


Бал қантамыр, ас қорыту жүйесінің көптеген ауруларына ем, иммунитетті күшейтіп, астманы, асқазан жарасын емдейді.



Қара тмин


Пайғамбарымыз ем үшін қара тминді қолдануға кеңес берген. Халықаралық университеттер жүргізген зерттеулердің бәрінде қара тминннің пайдасы зор екені толық дәлелденді. Алла елшісі бұл туралы 1400 жылдан астам уақыт бұрын айтып кеткен. «Қара тминмен емделіңдер, онда ажалдан басқа дерттің бәріне шипа бар»-деген.


 


Зәйтүн майы


Саид әл-Ансари Алла елшісінің мына сөздерін жеткізген: «Зәйтүн майын жеңдер және денелеріңе жағыңдар, себебі бұл ағаш қасиетті».


Зәйтүн майы жүрек-тамыр жүйесінің ауруларының алдын алуда маңызды рөл атқарады, қанның қоюлануын болдырмайды, семіздіктің, рак ауруларының алдын алады.


 


Сарымсақ


Бірде Алла елшісі Әли ибн Әбу Тәлибке: «Сарымсақ жегін, егер мен Першітелермен араласпас болсам оны жер едім»-деген екен.



Балық


Құранда: «Ол – тағам үшін ет алуға теңізді бағындырған»-делінеді.


Пайғамбарымыз: «Жұмақ тұрғындары үшін бірінші тамақ кит бауырының бір бөлігі болады»-деген.


Балық майының пайдасын ғалымдар сан мәрте дәлелдеген. Балық майындағы Омега-3 қышқылдары жүрек пен тамыр ауруларынан емдеуге ғана емес, артық салмаққа байланысты пайда болатын аурулардың алдын алуға да пайдалы.



Құрма


Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім таңертең жоғары сұрыпты жеті құрма жесе, бұл күні оған не у, не сиқыр зиянын келтірмейді»-деген.


 


Піштен


Алла елшісі: «Сендердің піштен пайдаланғандарың абзал, себебі онда удан басқаның бәріне ем бар»-деген. Сол кезде ол не у деп сұрағандарға Алла елшісі: «Ажал»-деген екен.


 


Алоэ


Алла елшісі алоэны ем үшін пайдалануға кеңес берген. Әсіресе көзге пайдалы. Алоэ препараттарын көз ауруларын, асқазан-ішек ауруларын, гастрит, асқазан жарасын емдеуге пайдаланады. Алоэ шырынын тері ауруларына, ұзақ уақыт жазылмаған жараларды жазуға және күйіп қалған кезде пайдаланады.




Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары