Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ақырет күніне иман келтіру
09 ақпан, 2020 жыл 13 Басып шығару нұсқасы

«Кім Аллаға, ақырет күніне иман ететін болса және ізгі амал жасаса оларға қорқыныш жоқ. Әрі олар қайғырмайды» (Бақара-62).

 «Ақырет» сөзі - соңғы деген ұғымды білдіріп, дүние тіршілігінің соңғы уақытын, біткенін білдіретін діни термин. Аят пен хадистерде ақырет, қиямет, ақырзаманның күмәнсіз болатыны білдіріледі. Ақырет күніне иман келтірудің мәні мен маңызы өте зор. Ақырет күніне иман ету – иман негіздерінің бірі. Оған сену - парыз. Құранда Аллаға иман етуге байланысты айтылған аяттарда ақырет күніне (яумил ахир) иман ету де бірге айтылады.  Ал ақырет күніне сенбейтін адамдар әрдайым қорқынышта өмір сүреді. Өлген адамды көргенде, тіпті өлім деген сөздің өзін естігенде өздерін қоярға жер таппайды. Себебі ақыреттен үміттері жоқ. Бұл өмірден басқа өмір жоқ олар үшін. Сол себептен де бұл дүниеде қолынан келген күнәлі істерден тайынбайды. Өйткені өмірге бір-ақ рет келетіндігіне және есеп беретіндігіне сенбейді. Дәлірек айтқанда сенгісі, ойланғысы, ойлағысы келмейді. Алайда осы сенімдегі адамдар өмірінің соңында, яғни соңғы дем келгенде бар шындықты көреді. Осылайша Алланың әмірлерін мүлтіксіз, кемшіліксіз орындау үшін өмірге қайта қайтқысы келіп, жалбарынады.  Ақырет күнінде Алланың әділеті орнайды: Жақсылық жасаған адамдарға істеген жақсылықтарының сыйы, сауабы, жемісі артығымен беріледі. Әділетсіздікке ұшырағандар ақыларын алады. Залымдар да істегендеріне қарай жазасын тартады. Осындай сенім адамды тыныштандырып, жұбатып, қайғы-мұңын азайтады. Ал Аллаға жағу үшін әрине азық жинап еңбек ету, ақыретке дайындалу керек екендігі айтпаса да белгілі. Олай болса өлім жоқ болу емес, жаңа өмірдің қайта басталуы. Ақыретіміз тыныш болу үшін өмірімізге бекем болайық.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары