Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тозақ және тозақтағылардың жайы
15 қыркүйек, 2015 жыл 535 Басып шығару нұсқасы

Тозақ және тозақтағылардың жайы


«Әлбетте , жәннат адам жақтырмайтын нәрселермен оралған. Тозақ болса шахутты нәрсемен оралған»


Әу баста Алла Тағала адам баласы мен жындарды өзіме құлшылық қылу үшін жараттым деген аятта.Олай болса, біз жаратқан Раббымыздың бұйрығына сай құлшылық етіп жүрміз бе?


Алла тағала «Кімде – кім құлшылығын толық орындап, өзін арсыздықтан тыйса онда оларға мәңгілік жәннат» деді. Жәннатқа жету жолдары мен тозақтан сақтануды оқып – тоқып , үйрену үшін адамзатқа ардақты етіп жер бетіне өз елшісін жіберді. Кез-келген адам баласы жәннатқа барғысы-ақ келеді.Бірақ, біздер сол жәннатқа лайық амалдар жасап жатырмыз ба? Бірақ қайсымыз болсақ та жәннатты аңсаймыз. Жәннат қандай десең, ол жер сондай керемет жер , бақытты өмір ордасы деп қоя саламыз. Ал тозақ туралы сұрасаң жаман жер ,ол жер от дейміз. Олай болса, шамамыз жеткенше тозақ пен тозақтағылардың жайынан Құран мен пайғамбар хадисінен келген хабарларды тармақтап көрейік.


Абу Лайс Самарқандий (р.а) айтады: Абу һурайра (р.а) риуаят еткен хадисте: «Пайғамбарымыз ғ.с айтты: Тозақ мың жыл қып – қызыл реңге кіргенше қыздырылды, қып- қызыл болды. Кейін тағы мың жыл ақ реңге кіргенше қыздырылды , аппақ болды. Тағы мың жыл қыздырылды, қап – қара болды. Ол қараңғылық қап – қара түн сияқты» деді.


«Тозақта бір шұңқыр бар, онда түйенің мойынындай жыландар , қашырлырдай шаяндар бар.Тозақтағылыр осыларды көріп қашады. Оларды осы жыландар еріндерімен жалмап алады, сосын шаш және тырнақтарының арасындағы не нәрсе болса , кесіп яки аршып тастайды. Олар бұл азаптардан тозаққа кіру арқылы құтылады» Тағы бір хадисте Абдуллаһ ибн Жузъдан жеткен риуаятта «Пайғамбарымыз айтты : Тозақта түйенің мойынындай жыландар, қашырлардай шаяндар бар. Егер оның біреуі шақса , оның ауыртпалығы қырық жылға дейін кетпейді» деді. Ал енді осы тозақтағы ең жеңіл азап пенденің екі аяғына оттан аяқ киім кигізіледі. Оның ыстығынан адамның миы су сияқты сақырлап қайнайды, ауызында шоқ тұрғандай , еріндері оттың ыстығындай, қарнындағы нәрселері екі аяғының астынан ағып шығады. Сонда адам ойлайды екен, маған тозақтағы ең ауыр азап болып жатыр деп. Керсінше бұл азап тозақтың ең жеңіл азабы болып саналады. Тозақтықтар мың жыл қорқып , мың жыл сабырлықта тұрады. Сосын: -Егер дүниеде сабыр еткенімізде еді, бұл азаптан құтылар едік, дейді. Керісінше оларға азап жеңілдетілмейді. Сосын олар айтады : енді айқайласақ та, сабыр етсек те, біз үшін бәрібір ,ешқандай құтылу жоқ. (Ибраһим сүресі 21аят)


Жәбірейіл ғ.с. пайғамбарымызға айтты: «Бұл тозақ өте қараңғы, ыстығы сөнбейді, шоқтары өшпейді.Сізді пайғамбар етіп жіберген затқа ант , егер одан иненің көзіндей тесік ашылса , дүниенің бәрі жанып кетеді. Оның ыстығы өте күшті , түбі өте терең , безегі темір , ішімдігі ірің , киімдері оттың бөліктерінен. Оның жеті есігі бар. Әрбір есігі әйелдер мен еркектер үшін бөлінген.» Сонда пайғамбарымыз сұрайды - Оның есіктері біздің есіктерімізге ұқсайма, деп. «Жоқ бір есік пен екінші есіктің арасы жетпіс жылдық жол. Әрбір есіктің ыстығы кейінгісінен жетпіс есе күшті болады. Алланың дұшпандарын сол есіктерге алып келеді, оларды есіктің алдынан тозақтың қызметшілері шынжыр және темір арқандармен күтіп алады. Шынжырды ауыздарынан кіргізіп, артынан шығарады. Ал осы бастапқыда айтылған есіктер кімдер үшін дегенде, осы есіктерге тоқталып өтейік:


1- Есік - Хауия. Мұнафықтр мен күпүрлік келтіргендер және Перғаун тұрады.


2- Есік –Жахим. Мүшріктер тұрады.


3-Есік-Сақар. Күнге сыйынушылар тұрады.


4-Есік –Лазо. Ібіліс және оған ергендер мен мажусилер тұрады.


5-Есік –Хутама. Яһудилер тұрады.


6-Есік – Саъир. Насаралар (христиандар) тұрады


7-Есікте үлкен күналар істеп кейін, тәуба етпеген пенделер тұрады.


Ал, кімде-кім осы азаптардан құтылып, Алла тағаланың сауаптарын алғысы және бақытқа жеткісі келсе, бұл дүниенің қиыншылықтарына сабыр етіп, Алланың бұйрықтарын орындап, күнә істерден, дүние шахуатынан сақтануы керек.


Дайындаған: Қарағанды қалалық №1 мешітінің азаншысы Мирас Эрланұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары