Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұхаммед Пайғамбарға ең көп сұрақ қойған қай сахаба?
16 наурыз, 2021 жыл 487 Басып шығару нұсқасы

Бірқатар хадистерден Алла елшісіне жиі және ең көп сұрақ қойған Әбу Хұрайра болғанын байқаймыз. Әбу Хұрайра бірде Пайғамбарымыздан: «О, Алланың елшісі! Қиямет күнінде кім сенің қорғауыңа лайықты болады?»-деп сұраған екен. Сол кезде Алла елшісі: «О, Әбу Хұрайра! Сенің хадистерге деген ықыласыңды көріп, бұл туралы бірінші болып сен сұрайтын шығар деп ойлайтынмын. Қиямет күнінде шынайы және бар ниетімен «Лә Иләһә ИллАллаһ»-деп айтқан адам менің қорғауыма бәрінен лайықтырақ болады»-деп жауап берген екен.

 

Әбу Хұрайраның жалғыз ниеті білім алу, дінді терең білу еді. Бізге мынадай оқиға жеткен. Бірде Алла елшісі соғыстан түскен олжаны бөліп жатып, Әбу Хұрайраның тысқары тұрғанын көріп оған: «Серіктестерің сияқты олжа алғың келмей ме?»-деп сұрайды. Сонда Әбу Хұрайра: «О, Алланың елшісі! Мен тек саған Алла Тағала үйреткен білімді маған үйреткеніңді қалаймын»-деп жауап беріпті.

 

 

Білімқұмар Әбу Хұрайра білім алу жолында батылдық танытқан. Басқа сахабалардың Алла елшісінен сұрай алмағандарын, Әбу Хұрайра батылдық тауып сұрайтын және жауабын ұмытпай жаттап жүріп, басқа сахабаларға жеткізетін. Бұл туралы Убай ибн Кааб: «Әбу Хұрайра Алла елшісіне сұрақ қоюда батылдық танытты. Біздің батылымыз жетпегенді, ол қысылмай сұрады»-дейді. Әбу Хұрайра Алла елшісіне ғана емес, Исламды бұрын қабылдаған сахабаларға да жиі сұрақ қойған.

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары