Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күнә мен Тозақ үшін жұмсалатын қаражат
04 қыркүйек, 2015 жыл 183 Басып шығару нұсқасы

Күн сайын қанша адам «бір сәттік рахатқа» қанша қаражат жұмсап жүр екен? Кеңірек тоқталсақ


Көптеген бозбалалар мектепте оқып жүрген кезінен-ақ темекі тартуға, арақ ішуге әуестенеді. Одан әрі қарай түнгі клубтар, бойжеткендермен бей-берекет байланыс, есірткі, қылмыс, тағысын тағылар... Ең соңында мұның бәрі неден басталғаны белгісіз болып қалады. Сонымен, мектеп оқушысы өзінің осы «қалауы» үшін ақшаны қайдан алады? Өзінің табысы жоқ әрине. Ақшаны ата-анасынан алады. Бұл бастапқыда әдеттегі түскі асқа, жолға кететін шығындар болуы мүмкін. Сонда бала тамақты азайтып, темекіге ақша үнемдеген болмай ма? Осыдан басталған іс әрі қарай ұрлыққа, күш қолдануға жалғасады.


Туған күн, ұжымдық кештер, мерейтойлар ішімдіксіз өтпейтіні белгілі. Мұның бәрі әрине харам дүниелер қатарынан. Және көпшілік бұған саналы түрде барады. Сол арқылы өзінің күнәсін арттырады. Темекі шегу, ішімдік ішу, ашық-шашық киініп, түнгі клубтарда қыдыру, пара беру, құмар ойнау, мұның бәрі не үшін? Бір сәттік рахат үшін. Сонда біз осы харамның бәрін еңбекпен тапқан ақшамызға сатып аламыз ғой? Оны ғана сатып алмаймыз, өзімізге Тозақтан орын дайындай береміз. Кез-келгенімізден «Тозаққа барғың келе ме»-деп сұраса, атын естігеннен шошып, әрине «Жоқ»-дейміз. Сонда неге тыйым салынған харам дүниеге көпшілігіміз құмармыз? Адамның өзі түсініп болмайтын қателігі бұл. Жалған дүниенің қайшылығы болса керек.


Ал Тозаққа қарсы Жұмақ бар. Оған ақшамызды шығарып, темекі, ішімдік сияқты ештеңе сатып алудың қажеті жоқ. Тек шариғат үкімін орындап, тура жолда жүрсек болғаны. Нмаза да, ораза да, дұғалар мен сүрелер де бәрі тегін берілген. Бізден талап етілетіні соны сақтау ғана.


Шынында, адам – таңқаларлық жаратылыс. Бар мақлұқаттан ақылды бола тұра, сол ақылын сан соқтыратын, еш пайдасы жоқ «рахатқа» жұмсайды.


Алла Тағала құлына мейірімді. Құлы жасаған күнәсіне шынайы өкініп, тәубе етсе, құлшылық қылса, күнәсінің орнын жақсылықпен толтырса кешірмейтін күнәсі жоқ. Адам – пенде. Оған қателесу тән. Әркім қателеседі. Бірақ қателікті түзеуге, орнын толтыруға ешқашан кеш емес. Әр күнәға, әр ісімізге жауап береміз. Бірақ әрқайсының құны әр түрлі болады. Кейде осы бір сәттік рахат пен ләззаттың құнына өмір бойы өкінеміз. Сонда неге осының бәрін өз ақшамызға сатып алып жатқанымызды ойланбаймыз? Қарап отырсақ Тозақ бізден осы өмірдің өзінде-ақ қаншама материалдық шығынды талап етеді екен. Ал Жұмақ Аллаға бойұсыну мен құлшылық қылуды ғана талап етеді. Ойланатын жайт емес пе?


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары