Құрметті жамағат, желтоқсан айынан бастап Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған айы – Рәббиәәууәл айы туды. Әрбір мұсылман адам шамасы келгенше Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын ) салауаттар айтқаны абзал.
«Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Шын мәнінде Алла Тағала мен періштелер Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтады. Ей, иман келтіргендер! Сендер де оған салауат айтып, Алла Тағаланың сәлемін жолдаңдар!» деген. Осы аятта Алла Тағала «Шын мәнінде» деп Әлемдерді Жаратушы Раббымыз Өзінің күнәдән пәк періштелерінің алдында Пайғамбарымыз Мұхаммедті атап, жақсы сипаттармен сипаттауы – ең ұлы мақтау әрі баға жетпес мадақ емес пе?! Міне, осы бір мадақ түріне Пайғамбарымыз Мұхаммед лайықты бола алды. Ондай болса ол кісінің сүннетіне ілесіп, дінін ұстанған адам да осы бір мадаққа іліге алары сөзсіз! Жоғарыдағы аятта «...және Оның періштелері» делінген. Енді бір сәт назар аударсақ, Алла Тағала «періштелері» деп, көпше түрде айту арқылы барлық періштенің салауат айтатынын атап өткен. Құран мен сүннеттен хабар келген періштелерге кішігірім шолу жасап өтер болсақ, аспандар мен жерді мекендейтін періштелер саны өте көп әрі олардың саны бір Аллаға мәлім. Жетінші аспандағы «Бәйтүл мағмұрға» күніне жетпіс мың періште кіріп, екінші рет қайтып кірмейтіні айтылған. Адам атадан осы Қияметке дейінгі әрбір адам қасында жақсылығы мен жамандығын жазып отыратын екі періштеден болады, сондай-ақ әрбірінің алды мен артынан да екі періште бар. Уахи әкелуші періште, табиғат заңдылықтарын реттеуші періште, өлім періштесі, Қияметте сүр үрлейтін періште т.б. бізге хабары мағлұм періштелер мен біз білмейтін періштелер саны өте көп. Енді осынау сансыз періштелердің Пайғамбарға салауат айтып, Алладан дұға тілеуі – Пайғамбарымызға берілген үлкен нығмет емес пе?! Бұл Алланың мейірімінің кеңдігі, Пайғамбарға деген пазылы. Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі бослын) айтылатын салауаттардың санын санап білу де, оның кемелдігін суреттеп танысу да мүмкін емес. Аяттың келесі «Әй, иман келтіргендер!» деген жалғасы кімдерге айтылған десек, олар Алла елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтуда алдына жан салмайтын жандарға бағышталған. Ондай болса Пайғамбарға салауат айту – иманның артуында, иманның берік болуына себепші болып табылады. Сол үшін де Алла Тағала салауат айту бұйрығын иман келтіргендерге қаратып айтқан. Бізге жеткен хадисте Пайғамбырымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қиямет күні маған ең жақын адам – маған ең көп салауат айтқан адам» деген. «Оған салауат айтыңдар» деген бұйрық – Ислам үмметіне жүктелген міндеттердің бірі. «Аллаһым, Өзіңнің құзырында Өзіңнің Пайғамбарың Мұхаммедті кемел сипаттармен сипаттап, оған мақтау айт. Мадақтың ең кемел түрін соған арна», - деп елжіреп салауат айту – мұсылман үмметіне берілген ұлы бақыт. Осылай деп салауат айтқанымызда Алла біздің өзімізге де он рет салауат айтатынын кез-келген мұсылман адам біле бермейді. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Салләллаһу аләйһи уә сәлләм!» деген. Бізді мұсылман қылып, Пайғамбарға салауат айта алу мүмкіндігін берген, сөйтіп, әр салауатымызға он есе жауап қайтарып, біздің де есімімізді періштелерінің алдында еске алып мақтаған мейірімді әрі ризығы кең Раббымызға шексіз мадақтар болсын! Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мынадай хадисі бар: «Пайғамбарыңа салауат айтпайынша, дұғаң аспан мен жердің арасында бөгеліп, көтерілмей тұрады». «Оған ықыласты түрде амандық тілеңдер!» деген бұйрық мағынасы: «Раббым, тірі кезінде оны әртүрлі апаттан, қиянаттан, қастандықтан сақтап, о дүниелік болса есендік бере гөр. Дінін сақтап, қияметке дейін ғұмыр бер. Сүннетін пәк етіп, тура жолдың кемелдігі ете көр», - деп дұға жасау. Бірақ, бұл аяттағы бұйрық қазақ тілінде осынша ұзын көлемді дұға жасау керек дегенді білдірмейді. Бәлкім, Алла Елшісіне «Салләллаһу аләйһи уә сәлләм!» деп салауат айтып, мағынасын толық түсіну керек етіледі. Бұл сөйлем – аяттағы бұйрықтың толық орындалуына жетерлік сөйлем.
а) Салауат айтудың уәжіп жағдайы:
ә) Салауат айтудың мұстахаб жағдайлары:
Мұстахаб дегеніміз – істеушісі сауап алып, жасалмаған адамға күнә жасалмайтын жағдай. Мұстахаб жағдайлары өте көп, әрі кей жағдайларда тіпті уәжіп деп қарастырған ғалымдар да бар. Мұстахаб орындарының ең маңыздысы әрі хадистерде жиі аталатыны – «Әт-тахияттан» (тәшәһһудтен) кейінгі салауат. Әйтсе де төменде салауаттың барлық орындарын келтіріп өтуге тырыстық:
Соңғы сөзімізді Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен мына хадиспен жеткіземіз: «Кім маған бір рет салауат айтса, Алла Тағала оған он рет рахметін жолдайды, оның күнәсі кешіріліп, он рет дәрежесі көтеріледі. Қасында менің атым аталып, маған салауат айтпаған адам, анық сараң» деген.
Төлтаев Ербол Мұқанұлы
Балқаш қаласы мешітінің бас имамы
Пікірлер