Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жақсылықта жарысу – жомарттық сипат
28 маусым, 2019 жыл 32 Басып шығару нұсқасы

Жаратушы иеміз Құран Кәрімде Алла Тағала:

«Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)»[1] . Аллаға иман еткен пендеге осы аятта ізгілікке жол көрсететін өнеге баяндалған. Қайырымды істің қайтарымы Алладан болатындығына шүбәсіз сенген қазақ халқы ұрпақ санасына  салт-дәстүрі арқылы сіңірген.  

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің, -  дей отырып, қандай қайырымды істер жасасаң да шаңның тозаңындай болған жақсылықтың ескерілмей қалмайтындығын паш еткен. Шағырай шешен өз кезегінде:

Өзін ғана ойлаған,
Надандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.
Бар-жоғына қарамас,
Анық жомарт, ер кісі.

Осы өлең жолдарымен адам санасына жомарттықтың қандай екенін жеткізген. Өмірімізде де  күнделікті жиі қолданылып отыратын дана сөздерінің бірі: «Кең болсаң – кем болмайсың» деудің  мәніне үңілсеңіз адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзеп отыр. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дей отырып, айналасына жанашыр болуды меңзеген. Біздің пәни дүниеде қайырлы іс жасап, көптеген сауапты амалдар жасауға мол мүмкіндігіміз бар. Жалпы шынайы мұсылманның мұраты, арман-тілегі адамзат атаулыдан өзіне көрсетілген қызмет емес, керісінше өзінің адамзатқа тигізер жәрдемі мен қызметін көбірек ойлайды. Ал, Алла елшісі  (с.ғ.с) қолына не нәрсе түссе де, мұң-мұқтажға таратып беріп, өзі кимесе де өзгені киіндіріп, өзі ішпесе де өзгеге ішкізіп, қарамағындағы адамдардың сәл де болса қуанғанын көруді өзіне зор қуаныш, үлкен бақыт деп есептейтін. Қорыта келгенде, қайырымдылықты қастерлі ұғым санап, әрдайым өзара жақсылыққа, адалдыққа үндеген бабаларымыз ізгі істі үлкенді-кішілі деп бөлмей, қоғамда өзара қайырымдылық пен ынтымақ орнауына ерекше назар аударған. Сондай-ақ, қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды. «Қолы ашықтың – жолы ашық» дегенді ұран етіп, халық басына түскен ауыртпалықты бөлісіп,  аз да болса бір бөлігін Алла тағаланың разылығы үшін қайырлы істерге жұмсаған. Оған бүгінгі Арыс қаласындағы апатқа ел мен жұртттың жаппай жәрдем көрсетіп жатқаны дәлел. Алла тағала осындай жылы жүрек пен ынтымағымызды баянды етсін.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары