Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қарттық шақ бере алмайтынды жастық шақтан ал
07 шілде, 2015 жыл 531 Басып шығару нұсқасы

 29b3b74s-960«Менің екінші мүмкіндігім болса, мен көп істі басқаша жасар едім...  Екінші өмір, екінші мүмкіндік берілмейтіні өкінішті...» - дейміз көбіміз. Өкініштісі сол, соның қадірін дер кезінде түсінбейтіндігімізде. Жастық шақтың маңыздылығын түсініп, жан-тәнімен сезініп, күні ертең  өкінбейтіндей іс қыла білген адам бақытты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бес нәрсенің: қарттыққа дейінгі жастық шағыңның, ауырғанға дейін денсаулығыңның, кедейлікке дейінгі байлығыңның, бос уақытыңның және ажал келгенге дейінгі өміріңнің қадірін біл»-дейді.


Қарттық жалғыз келмейді. Қарттықпен қоса ауру-сырқау, әлсіздік қоса келеді. Адамның күш-қуаты азайып, мүмкіндігі шектеледі. Көре білген, көріп түсіне білген адамға өз айналамызда бұған мысал жеткілікті. Бірақ біз кейде: «Жастық шақта өмірдің қызығын көріп қалу керек, керектінің бәрін алып қалу керек, бәрінің дәмін татып көру керек»-деп жатамыз. Және жастардың аузынан бұл сөзді жиі естиміз. Бірақ Алла Тағала бұл әлемді қызық көру үшін емес, бізді сынап көру үшін жаратқан. Жаратқанның бұйырғанын қаншалықты орындап жүргеніміз таразыға тартылып, сенім мен иманымыз сыналмақ.


Бірде сахаба Әли мен Фатиманың ұлы Хасан көшеде бір кедейді кездестіріп қалады. Әлгі кедей Хасанға: «О, Әлидің ұлы! Сенің атаң бұл әлемнің – тақуа үшін түрме екенін, ал сенімі жоқтар үшін жұмақ мекеніндей демеп пе еді. Бірақ екеуміздің күйімізді салыстырып, олай айта алмайсың»-дейді. Хасан: «Тақуа адам қаншалықты жақсы өмір сүрсе де,  бұл әлем - ол үшін Алла Тағала о дүниеде дайындаған жақсылықтармен салыстырғанда түрме сияқты. Ал сенімі жоқтар  бұнда қанша жаман өмір сүрсе де, оны о дүниеде күтіп тұрғанмен салыстырғанда бұл әлем жұмақ мекені сияқты»-деп жауап берген екен.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Құлдан келесі төрт нәрсе сұралмай Қиямет күнінде оның аяғы орнынан қозғалмайды: өмірін қалай өткізгені, жастық шағында немен шұғылданғаны, білімін неге жұмсағаны және мүлкін қалай тауып, қалай жұмсағаны»-дейді.


Дүниенің шын мәнін түсінетін адамға «Ішіп-жеп қалу, қыдырып, көңіл көтеріп, қызық көріп қалу» үшін ғана өмір сүру, сонымен өмірі зая кетіру жат болса керек-ті...



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары