Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚИЯМЕТТІҢ ҮЛКЕН ЖӘНЕ КІШІ БЕЛГІЛЕРІ
06 маусым, 2019 жыл 60 Басып шығару нұсқасы

Ақырзаман – өзі айтып тұрғандай соңғы сәт, соңғы заман. Ал оның қашан болатыны бiр Аллаға ғана аян. Дегенмен қиямет сағатының жақын қалғанын білдіретін белгілері бар. Бұл белгілер екіге бөлінеді:

1) кіші белгілері;

2) үлкен белгілері.

Хузайфа (р.а) былай дейді: «Біз Мәдинада бір қорғанның көлеңкесінде отырғанбыз. Пайғамбарымыз болса бір шатырдың үстінде отырған еді. Сол сәтте Аллаһтың Елшісі жоғарыдан бізге қарап тұрып:

– Сендерді жұмыстарыңа қандай мәселе жібермей тұр?- деп сұрады. Біз:

– Сөйлесіп отырмыз, – дедік. Пайғамбарымыз:

– Не мәселе жайында сөйлесіп отырсыңдар? – деді. Біз:

– Қиямет-қайымның уақыты жайында әңгімелесіп отырмыз, – деп жауап бердік. Сонда Құрметті Пайғамбарымыз:

– Сендер мына он нәрсені көрмейінше қиямет қайым болмайды» деді:

1. Тұманды (түтін).

2. Дажжалды.

3. Даббатул арзды.

4. Күннің батқан жақтан шығуын.

5. Хазіреті Исаның (ғ.с.) көктен түсуін.

6. Яжуж-Мәжуждың шығуын.

7. Шығыс жақтағы бір жердің шөгуі

8. Батыс жақтағы бір жердің шөгуі

9. Араб түбегіндегі бір жердің шөгуі

10. Иеменнің Аден жазығының ең шалғайынан бір от шығады. Ол от барлық жерді жағып отырып, адамдарды махшарға дейін алып барады, – деді (Муслим, Фитән 39; Ибн Мажа, Фитән 28).

 

Қияметтің үлкен белгілері:

 

Хазіреті Пайғамбарымыздың хадистеріне сүйене отырып, ақырзаманның үлкен белгілерін атасақ:

1. Хазіреті Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жер бетіне пайғамбар болып жіберілуінің өзі ақырзаманның алғашқы белгісі. Себебі, Пайғамбарымыз: «Қияметпен мен бірге жіберілдім», – деп, сұқ саусағы мен ортаншы саусағын қимылдатып көрсеткені жайында деректер бар (Муслим, Фитән, 132; Тирмизи, Фитән, 39).

2.  Дәжжал  (Тажал) шығады.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Дәжжал шығып, өзінің тәңір екендігін айтады. Оның тәңірлігіне сенген адам кәпір болады». (Ибн Әби Шәйбә)

«Дәжжал» сөзі – өтірікші, алдампаз деген мағынаны білдіреді. Адамзат тарихындағы ең үлкен өтірікші осы Дәжжал болғандықтан, ол бұл есіммен аталған. Сондай-ақ оның Мәсих Дәжжал деген де аты бар. Ибн Әсир: «Оның «Мәсих» деп аталуы – көзінің сипалып, жабылып қалғандығынан, ал «Дәжжал» деп аталуы оның жалғаншы болғандығынан», – деген. Ал Исаның (ғ.с) «Мәсих» деп аталуына келсек, ол адамдарды сипап, ауруларын жазатын. Хадисте: «Дәжжал шығып, өзінің тәңір екендігін айтады. Оның тәңірлігіне сенген адам кәпір болады» .

 روى أحمد والترميذي والحاكم وابن ماجة عن أبي بكر الصديق رضي الله عنه؛ قال: حدثنا رسول الله(ص)، فقال:» إِنَّ الدَّجَّال يَخْرُجُ مِنْ أَرْضِ بِالْمَشْرِقِ، يُقَالُ لَهَا: خُرَسَان، يَتْبَعُهُ أَقْوَامٌ كَأَنَّ وُجُوهَهُمْ الْمَجَانَّ المُطْرَقَة «. وَأَوَّلُ ظُهُور أَمْرُه وَاِشْتِهَاره وَالله أَعْلَم يَكُونُ بَيْنَ الشَّام وَالْعِرَاق؛ فَفِي رِوَايَةِ مُسْلِم عَنْ نَوَاس بن سَمْعًان: » إِنَّهُ خَارِجٌ خَلَّةً بَيْنَ الشَّام وَالْعِرَاقْ

Дәжжалдың шығатын жері. Әбу Бәкірден (р.а.)  жеткен хадисте Алла елшісі: «Шындығында, Дәжжал шығыстағы Хорасан деген жерден шығады» деген. Дәжжалдың ең әуелі қамтитын аумағы Шам мен Ирак арасы болады. (Анығы Аллаға аян!). Науас ибн Сәмъаннан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дәжжал Шам мен Ирактың арасындағы тастақты жерден шығады» деген.

3. Хазреті Иса көктен түседі.

Басқа бір хадисте:

«Иса әділ үкімдар болып көктен түседі, крестті жояды, доңызды өлтіреді, ислам дінінен басқа нәрсеге тыйым салады.» (Бұхари, Муслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Ибн Әби Шәйбә)

«Иса көктен түскенде барлық жерде тыныштық пен ынтымақ орнап, арыстан мен түйе, қасқыр мен қозы емін еркін жайылып, балалар жыландармен ойнайтын болады.» (Әбу Дауд)

4. Даббәтул ард шығады. Бұл жайында хадисте:

«Даббәтул арз Мұсаның аса таяғын мұсылмандарға тигізгенде олардың маңдайында «Жәннаттық» деп жазылып, жүздері нұрланады. Ал кәпірлерді Сүлейман пайғамбардың мөрімен соққанда, олардың маңдайында «Жаһаннамдық» деп жазылып, жүздері қарайып кетеді».

وَإِذَا وَقَعَ الْقَوْلُ عَلَيْهِمْ أَخْرَجْنَا لَهُمْ دَابَّةً مِّنَ الْأَرْضِ تُكَلِّمُهُمْ أَنَّ النَّاسَ كَانُوا بِآيَاتِنَا لَا يُوقِنُونَ

Бұл жануар туралы Құран кәрімде де хабар білдірілген. (Нәміл 82)

5. Йәжуж және Мәжуж қауымы шығады.

Құран Кәрімде былай делінеді:

حَتَّىٰٓ إِذَا فُتِحَتْ يَأْجُوجُ وَمَأْجُوجُ وَهُم مِّن كُلِّ حَدَبٍۢ يَنسِلُونَ، وَٱقْتَرَبَ ٱلْوَعْدُ ٱلْحَقُّ فَإِذَا هِىَ شَٰخِصَةٌ أَبْصَٰرُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ يَٰوَيْلَنَا قَدْ كُنَّا فِى غَفْلَةٍۢ مِّنْ هَٰذَا بَلْ كُنَّا ظَٰلِمِينَ

«Яжуж-Мажуж ағытылып, әрбір төбеден келгенге дейін. Ол шын уәде (Қиямет) таяса, сол уақытта қарсы болғандардың көздері шарасынан шығып: «Әттеген-ай! Біздің бұдан қаперсіз болғанымыз қандай өкініш! Негізінде, біз залым болған екенбіз», – деп айтады. (Әнбия сүресі, 96-97 аяттар)

 Хадис шәрифте де былай білдірілді: «Йәжуж бен мәжуж қауымы қияметтің алғашқы белгілерінің бірі болады». (Ибн Жәрир)

6. Дүниені түтін қаптайды.

Құран кәрімде:

فَارْتَقِبْ يَوْمَ تَأْتِي السَّمَاءُ بِدُخَانٍ مُّبِينٍ

«Аспаннан түтін шығатын күнді күтіңдер!» делінген. (Духан сүресі, 10-аят)

Хадисте:

«Түтіннің әсері мұсылмандарға тұмау секілді жеңіл, ал кәпірлерге өте ауыр тиеді.» (Әбу Дауд)

7. Күн батыстан шығады.

Хадис шәрифте былай делінеді:

عَنْ أَبِي هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ الله صَلَّى الله وَسَلَّمَ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تَطْلُعَ الشَّمْسُ مِنْ مَغْرِبِهَا فَإِذَا طَلَعَتْ وَرَآهَا النَّاسُ آمَنُوا أَجْمَعُونَ وَذَلِكَ حِينَ لَا يَنْفَعُ نَفْسًا إِيمَانُهَا ثُمَّ قَرَأَ الْآيَة

 «Күн батыстан тумай тұрып қиямет болмайды. Ол кезде барлық адамдар иман келтіреді. Алайда имандары өздеріне пайда бермейді» [Бұхари 1881, Мүслим 2943.]

 يَوْمَ يَأْتِي بَعْضُ آيَاتِ رَبِّكَ لا يَنفَعُ نَفْسًا إِيمَانُهَا لَمْ تَكُنْ آمَنَتْ مِنْ قَبْلُ أَوْ كَسَبَتْ فِي إِيمَانِهَا خَيْرً

«Раббыңның кейбір аяттары (белгілері) келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімінде бір қайыр істемеген адамның иманы ол күні пайда бермейді». (Әнғам сүресі, 158-аят).

8. От шығады.

روى الشيخان عن أبي هريرة رضي الله عنه: أن رسول الله (ص) قال: لا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تَخْرُجَ نَارٌ مِنْ أَرْضِ الْحِجَازِ تُضِيءُ أَعْنَاقَ الْإِبِلِ بِبُصْرَى

«Хижаздан шыққан от Басрадағы түйелердің мойындарын жарқыратады».

9. Жердің шөгуі

عَنْ حُذَيْفًة بن أسيد رَضِيَ الله عَنْهُ أَنَّ رَسُول الله صَلَّى الله عَلَيْهِ وسَلَّمَ قَالَ : «إِنَّهَا لَنْ تَقُومُ حَتَّى تَرُوا قَبْلًهَا عَشَرَ آيَات ، وَذَكَرَ مِنْهَا ثَلَاثَة خُسُوف : خَسْفٌ بِالْمَشْرِقِ ، وَخَسْفٌ بِالْمَغْرِبِ ، وَخَسْفٌ بِجَزِيرَةِ الْعَرَبِ»

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтады: Сендер қияметтің он белгісін көрмей қиямет қайым болмайды деп. Оның үшеуін «Шығыспен батыста және жәзиратул—арабта жердің шөгуі, батуы көрінеді». [Мүслим, 7/191]

عَنْ أُمُّ سَلَمَة — رَضِيَ الله عَنْهَا — قَالَتْ : سَمِعْتُ رَسُولَ صَلَّى الله عَلَيْهِ وسَلَّمَ يَقُول : « سَيَكُونُ بَعْدِي خَسْفٌ بِالمَشْرِقِ وَخَسْفٌ بِالمَغْرِبِ وَخَسْفٌ فِي جَزِيرَةِ الْعَرَبِ » ، قُلْتُ : يَا رَسُول الله أَيَخْسِفُ بِالأَرْضِ وَفِيهَا الصَّالِحُونَ ؟ قَالَ لهَا رَسُول الله صَلَّى الله عَلَيْهِ وَسَلَّم : » إِذَا أَكْثَرَ أَهْلهَا الْخَبْ

Умму Сәләмадан тағы бір хадисте: Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Мен өмірден өткеннен кейін үш жерде жер шөгуі болады, біреуі шығыста,екіншісі батыста, үшіншісі араб жазирасында» – деді. Сонда мен: «Ей, Алланың Елшісі! Жер бетінде жақсы адамдар болсада жер шөге ме?» – деп сұрадым. Сонда Алланың елшісі: «Жер бетінде адамдардың көпшілігі бұзылса» – деді. [Бұхари, Фитна кітабы 8/100]

Хадис шәрифте былай делінген:

«Шығыспен батыста және жәзиратул-арабта жердің шөгуі, батуы көрінеді.» (Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Ибн Мажә)

10.Қағба құлатылады.

Хадисте былай делінген:

«Қара нәсілді адам қағбаны құлатады. Дәл қазір оның қара қолдарымен Қағбаның тастарын біртіндеп бұзып жатқанын көріп тұрғандаймын.» (Бұхари, Мүслим, 2901)

 

Қияметтің кіші белгілері:

 

1. «Қияметтің белгілерінің бірі дін ілімі азаяды, сауатсыздық көбейеді, зина жасау етек алады, әйелдер көбейіп еркектер азаяды. Тіпті елу әйелдің бір ғана қараушысы болады» (Бұхари).

2. Әйелдердің саны ер кісілердің санына қарағанда әлде қайда көп болады (Бұхари, Худуд, 20).

3. Расулуллаһ (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларымен сөйлесіп жатқанда бір түздік араб келіп қияметтің қашан болатындығын сұрағанда, оған: «Аманат аяқ асты етілген кезде қияметті күте бер», – дейді. Сонда түздік араб кісі: «Мұны қалай түсінсек болады», – дегенде, Пайғамбарымыз: «Қызмет өз маманына берілмеген кезде қияметті күте бер», – деп жауап береді (Бұхари).

4. Көп қабатты үйлердің салынуы, өз ісінің маманы емес кісілердің сөз сөйлеуі мен билік етуі (Бұхари, Иман 37; Муслим, Иман 1).

5.  Адам өлтіру оқиғасының көбеюі (Бұхари, Фитән 25).

6. Жалаң аяқ, жалаңаш және кедей шопандардың да үй салуда бір-бірімен жарысқандарын көресіңдер (Мүслим).

7. Мен Аллаһтың Елшісімін деп, өзін пайғамбармын деп жариялайтын отызға жуық жалғаншы дажжалдар шығады.

– Зілзаланың көбеюі.

– Көптеген бүліктер етек алуы.

– Жөнсіз жерде адам өлтіру көбейеді.

– Екі үлкен Ислам әскерлері бір-бірімен шайқаспайынша, қиямет болмайды (Бұхари, Фитән 25).

8. Мал-дүние судай болып ақпайынша, фитнәлар және жөнсіз жерде адам өлтіру көбеймейінше, қиямет болмайды (Хадис ансиклопедиясы, Кутубус ситтә, 17 том, 1234 хадис).

Хазіреті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ақырзаман таяғанда болатын жағдайларды осылайша 14 ғасыр бұрын үмметіне айтып кеткен. Осы айтылған мәселелерге қарап отырсаңыз ақырзаманның көптеген белгілері бүгінгі техногендік ғасырымыздың дертіне айналып отыр.

18-19 ғасырлар арасында өмір сүрген Шал ақын (шын аты-Тілеуке Құлекеұлы) /1748-1819/ бір өлеңінде:

    «Өлімнен құтылмассың қашсаң-дағы,

    Атадан арыстан туып ассаң-дағы,

    Алладан шыныменен жарлық келсе,

    Жұлдыз да жерге түсер аспандағы

    Жігіттер, ғибадат қыл маған нансаң,

Намаз оқы, Аллаһты ойыңа алсаң» – депті. Міне осы жыр шумақтарындағы «Алладан шыныменен жарлық келсе, Жұлдыз да жерге түсер аспандағы» деген жолдарынан, немесе ұлы Абай атамыздың «Заманақыр жастары, Қосылмас ешбір бастары. Біріне-бірі қастыққа-Қойнына тыққан тастары...» деп басталатын өлеңдерінен мысалға келтірсек те дүниенің бір соңы бар екенін, ол күнді халқымыз баяғыдан-ақ біліп, «Заманақыр, ақырзаман, қиямет-қайым, қиямет күні, қияметте...» т.б әртүрлі атаулармен атап келгенін көреміз.

Сөз соңында дана ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) атамыз:

    Өлімнің хақ екенін көрсең де,

    Өлместей омыраулап, шатасың.

    Дозақтың барын біліп жүрсең де,

Күнәға, әлің келсе, батасың...деп ескерткенін естеріңізге сала отырып:

    Қиямет күні болғанда,

    Бәйшешек гүлдер солғанда.

    Дүние астан-кестен боп,

    Оңбаған құлың оңғанда

    Жаратушы Ием тек өзіңнен мейірім күтем!

Ата дінін ардақтайтын әр мұсылман үшін иман қымбат. Ал иман — оның шарттарын жүрекке мықтап бекітпейінше толық болмасы белгілі. Ақирет күнінің уақыты Жаратқан иеміз Алла тағалаға ғана мәлім. Дегенмен қиямет сағатының жақын қалғанын білдіретін белгілері бар. Бұл белгілерді пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде  айтып кеткен болатын.

Кәміл иманды мүмін әлемдегі тіршілік атаулының осы дүниедегі ғұмыры тұйықталар күннің боларына шүбәсіз иман келтіреді. Жалпы, Қияметтің орнауы жайлы Алла тарапынан түскен кітаптардың барлығында айтылған. Кең тараған ұғым болғандықтан, ешқандай діни негізі жоқ алып-қашпа әңгімелер де көп айтылады. Әсіресе, шетелдік басылымдарда қоғамға үрей салатын макалалар жиі жарық көруде. Соңғы кезде әсіресе, ғаламтор желілерінде «ақырзаман болады-мыс» дейтін ақпараттардың да тарап жүргені жасырын емес.

Алайда, асыл дініміздің бастау бұлағы саналар Құран мен Сүннетте Қияметтің қашан болатыны тек Аллаға ғана мәлім екені айтылған. Мысалы, «Нәміл» сүресінің 65-аятында: «Көктер мен жердегі көрместі Алладан басқа ешкім білмейді» делінеді. Ал қияметтің белгілері жайлы Құран аяттары мен Пайғамбарымыздан сахих тізбекпен жеткен хадистер жайлы Ислам ғұламаларының том-том кітаптары көп.

Дініне берік әр мұсылман Қияметтің белгілеріне ой жүгіртіп, пікір қылуы сауапты іс. Себебі, мұнда ақырғы күнге даярлық, Алла алдындағы сұрақ-жауапқа әзірлік, өлімді еске алу тәрізді дініміздің басты бұйрықтарына мойынсұнушылық жатыр. Ал Қиямет күніне  бейқамдық – мұсылман пенделерді иманнан алыстатып, тақуалықтан тосады һәм қиямет азабын ұмыттырады.

Хазреті Омар (р.а) халифа болып тұрған кезінде ел аралап жүріп қаланың шетінде жер қазып жатқан бір ақсақалға кезігеді. Халифа ақсақалдан:

— Ей ақсақал не істеп жатырсыз?- деп сұрайды.

 Сонда ақсақал: — Жасым болса келген қарт адаммын, артымда ұрпағым жоқ. Мен өлгеннен кейін осы қабірге қояр деп өзіме қабір дайындап жатырмын — дегенде Хазіретті Омар:

 — Ей ақсақал, сен өлгеннен кейін сені ешкім далаға тастамайды. Өзіңе қабір дайындағанша өзіңді қабірге дайында. Қияметте Алла тағаланың алдына қандай амалыңмен баратыныңды ойлағайсың, — деп жауап береді.

Раббымыз бізді өмірдің және өлімнің әсіресе қияметтің ауыр күндерінен қорғап-қолдауды нәсіп етсін!

 Нариман Исенов

Павлодар облысы бойынша өкіл имам

http://mazhab.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары