Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адал ас
06 маусым, 2019 жыл 54 Басып шығару нұсқасы

Сахаба хазіреті Әбу Бәкір Сыддықтың (р.а.) бір жалшысы бар болатын. Кешкі асты ылғи да сол даярлап әкелуші еді. Алайда Әбу Бәкірдің бір ерекшелігі сол алдына әкелген астың қайдан, қалай келгендігін тәптіштеп сұрап білмейінше, асқа қол созбайтын. Әлгі жалшысы бір күні кешке тағы да тамақ әкелді. Әбу Бәкір болса бұл жолы тамақтың кімнен сатып алынғандығы, дастарқанға қойылғанға дейін қалай келгендігі туралы ешқандай сұрақ сұрамастан, бірден бір қасық алып аузына салды.

Оның бұл тосын әдетіне таңырқаған жалшысы: - Қожайын-ау, сіз күнде тамақтың жай-жапсарын сұраушы едіңіз, бүгін қалайша сұрап жатпастан ауыз салдыңыз? - деп сұрайды. Мұны естігенде хазіреті Әбу Бәкірдің (р.а.) көзі жасқа жылана: - Е, қайтейін-ай, қу аштық соған қаратты ма?! Енді кеш те болса маған тамақтың қайдан, қалай келгенін айт,- деді мұңая. Жалшы: - Исламға дейінгі уақытта мен би билеп, халыққа өнер көрсетуші едім. Бір күні кездесе кеткен бір топ кісінің қолқалауымен оларға би билеп бергенім бар еді. Сол мезет олардың маған ақы ретінде ұстатар ештеңелері болмай, ақысын кейінірек бермек болып уәде берген еді. Бүгін соларды көріп, берген уәделерін естеріне салдым. Олар өздері жемек болып отырған тамақтарынан маған берген болатын,- деді. Бұл жайсыз жауапты естігенде, Әбу Бәкір іштей қатты реніш білдіріп, абайсызда болған қателігіне қатты өкінді. Тіпті бет-жүзін тарам-тарам жас жуып кетті. Алдында тұрған тамақты лақтырып жіберді. Сұқ саусағын аузына тығып жіберіп қақала-шашала құса бастады. Бір көгеріп, бір кызарып өзін қатты кинады. Өңінің бұзылып кеткенін көргендер оған кішкене су ішкенде ғана жүрегі орнына түсетіндігін айтты. Жылымшы ғана су ішіп тағы да құсты. Бір орында байыз таппай, мазасы кетті. Асқазанында ештеңенің калмағандығына әбден көзі жеткенде ғана барып тоқтатты. Қасындағылар таңғалғандықтарын жасыра алмай: - Сонда түкке тұрғысыз бір татым тамаққа бола осыншама қиналғаныңыз ба? - деп сұрағанда, ол: - Иә - деді, өйткені бірде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Ішкен-жегені харам болған кісілерге Аллаһ Тағала жұмақты нәсіп етпейді» дегенін естіген едім. Сөйтті де басын жоғары көтеріп: -Уа, барша әлемнің Иесі! Байқамастан жеп қойған бір шайнам ас үшін қолымнан келгенін істеп, бәрін де құса алғанымша құстым. Егер әлгі тағамнан бойымда қалып, тамырыма еніп кеткен нәрсе болса сен Өзің кешіре гөр! Тозақ отыңа шыдайтын емес мен қауқары жоқ әлжуаз құлмын ғой,- деп дұға оқыған күйі егіле тілек тіледі... Иә, ол жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Әбу Бәкір тура менің көз-кұлағым секілді» деген болатын.

gibrat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары