Әкем айтып еді, «Құран» кітабы қасиетті деп, яғни сол болғаны ғой асыл кітап.
Иә, балам, дұрыс айтасың. «Құран» кітабы Рамазан айында түсірілген. Оны Алла Тағала өзінің құлдарына, яғни барлық адамзатқа жіберген.
Алла бізді әрдайым көріп тұрады ма?
«Шын мәнінде Аллаға жердегі, көктегі еш нәрсе жасырын емес» («Аль-Имран» сүресі, 5-аят).
Мектепте мұғалім маған намаз оқуыма рұқсат бермеді.
Сен намаз оқу білмейсің ғой?!
Білемін! Сіз таңертең намаз оқып жатқанда мен оянып кетемін де қарап жатамын, бірақ Сіз байқамайсыз.
Рас айтамысың?! О, Алламның сүйген құлы, сен мені қуантып қойдың ғой, шүкір, шүкір...
Анашым, мен мұғалімге «Алла бәрімізді көріп тұр, Сіз ешкімге қатты сөйлемеңізші», - дедім. Ал, ол кісі маған Алла туралы сөйлеуге және намаз оқуға болмайтынын айтты және: «Алла жоқ. Көзбен көрмеген соң қалайша жоқты бар дейсің? Жалған сөйлеуші болма!» деп ескертті.
Сен не дедің?
Сіздің ақылыңыз жоқ дедім, ренжіп.
Ой, балапаным, солай айтуға болады ма екен үлкен кісіге? «...Ол (Алла), қайда барсаңдар да сендермен бірге...» («Хадид» сүресі, 4 аят) айтатын сөзге абай болу керек. «Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы» («Фажір» сүресі, 14 аят).
Енді мұғалім маған Алланы көрмесең ол қалай бар болады деді. Мен де ақылыңызды көрмесеңіз, яғни Сізде де ақыл жоқ дедім. Дұрыс емес пе, әлде Сіз де мені түсінбей тұрсыз ба, анашым?
Пікірлер