Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өмір сүргім келеді...
29 маусым, 2015 жыл 269 Басып шығару нұсқасы

free-summer-fantasy-landscape-for-desktop-wallpaper_1920x1200_80971Терезеден еріксіз сыртқа үңілдім. Ағаш бұтағындағы қос жапырақтың біреуі үзіліп жерге түсті. Сыңарынан айырылған жалғыз сары жапырақ үнсіз айналаға көз тіге, «бауырын» қимай қарап тұр. Кенет бір тамшы жерге сырт етіп түсті. Ол – жапырақтың көз жасы еді. Сол бір тамшы жүрек отымды сөндіріп жібергендей ме, қалай?


Оу, жапырақ, мен де сен секілді жалғызбын.  Жалғыз кереуеті бар бөлмедегі маған кім серік болар екен?


Апатай, сені осыдан бірер минут бұрын сыңарын тастап кеткен жапыраққа теңер едім. Ол мен секілді бауырын кимай, жылап тұр бұтақта... Бүгін, міне, қатты жел соғып тұр. Бірақ, әлгі жапырақ орнында. Бүгін, не ертең жерге түсер,  бәлкім, ол бауырын іздеп, жер шарын шарқ ұрар, әлде...


Жоқ! Олай болуын мен қаламаймын. Күз мені анамнан, бауырымнан айырса да, сол мезгілде өмір есігін ашқандықтан, оны жамандыққа қимаймын. Амал қанша, өмір бар да, өлім бар. Адам өмірге келді, қайта өмірден өтті. Неге бұлай? Бір данышпан: « Сезімге ие бола алмасаң да, сөзіңе ие бол» деген екен. Мен сөзіме ие бола алмай отырмын-ау?! Не істейін, енді? Бірақ, өмірімнің ерте солуы сен секілді сары, қураған жапырақтан жасалған «тамақтың» арқасы. Сен секілділерден жасалған «дәріден» қамшының сабындай қысқа өмірімнің қор болғанына өкінемін.


...Өмірге келгенімде, мектепке, одан жоғары оқу орнына барғанда да күз еді. Осы ауруханаға келгенде де, сары  уайымға батырып қарсы алдымда сен тұрдың. Он сегізінші күз, мені ажалмен табыстырғалы тұрған да – сенсің!


...


Қыс. Дала ақ мамыққа оранған. Айналаның бәрі қызық. Сол қызықты қуалап, болашағымнан үміт күтіп, ауруымнан айықсам деген оймен уақыт оздырып келемін. Кешегі жапырақ бүгін жоқ. Бірақ, мен әлі тірімін!


...


Міне көп күттірген көктем де келді...


Есірткіні денеме егіп, алдамшы рахатқа мойын бұрып, теріс жолға түскенімді байқамай да қалыппын. Туыс, бауырлар, достарымнан айырылып, алысқа, қайта келмес мәңгілік ғұмырға әкетіп барады. Ал, менің өмір сүргім келеді!


...


Жадыраған жаз! Мен күткен жаз! Алладан рақым тілеп, істеген күнәләрімнің кешірілуін тілейтін, ең қайырымды ай - Рамазанды күткен жаз! Мен ауруымнан айықтым. Бір Алланың қалауымен оразамды тұтып, міне намазға да жығылып жүрмін. Оразада ауыз бекітпеген, құбылаға жүзін бұрмаған, түнгі ұйқысын бөліп, ташахуд намазына тұрмаған әрбір жастың жүрегіне иман ұяласа екен деген ниетпен өмір сүргім келеді!



Балқаш қалалық мешіті


Кәусар Сабыр


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары