Шынайылық – әрдайым тек жақсылық саналған. Шын пейілмен берілген садақа берген адамға да, алған адамға да берекет әкеледі. Шынайылық жақсы істерге итермелеп, адамның жақсы қасиеттерін қалыптастырады. Бұл туралы Пайғамбарымыздың хадисі де бар: «Әлде бір адам садақа бермек болып, ақшасын алып түнде үйінен шығады. Бірақ білместікпен онысын ұрлықшыға береді. Таңертең қала тұрғындары:
— Кеше әлде біреу қарақшыға садақа берді – деп әңгіме қылады.
Әлгі адам:
— Аллаға мадақ! Мен бүгін де садақа беремін – дейді.
Осы жолы да үйінен шығып, ақшасын тура жолдан тайған әйелге беріп қояды. Келесі күні таңертең адамдар тағы да сыбырласып:
— Қараңыздар, әлде біреу жолдан тайған әйелге кеше садақа берді – дейді.
Бірақ әлгі адам сонда да қайталап:
— Аллаға мадақ! Мен бәрібір садақа беремін – дейді.
Бұл жолы ол садақасын білместікпен бақуатты азаматқа береді. Мұны түсіне алмаған адамдар келесі күні:
— Әлде бір әпенді кеше байға садақа берді - дейді!
Әлгі адам сонда:
— О Алла, маған ұрлықшыға, жолдан тайған әйелге, байға садақа беруге мүмкіндік бергенің үшін шүкір - дейді.
Өзінің шынайылығы үшін түсінде: «Ұрлықшыға берген садақаң оны тәубесіне келтірер. Жолдан тайған әйелге берген садақаң болашақта оны тура жолға әкелер. Ал байға берген садақаң оны ойландырып, жақсы істер жасауға итермелеуі мүмкін» деген сөзді естиді.
Хадис шынайылық пен ниеттің тазалығы қандай жақсылықтарға себепші болуы мүмкін екенін көрсетеді. Істің өзі емес, дәл осы ниет-тілек маңыздырақ. Бірақ бұл садақаны кімге болса соған беру керек дегенді білдірмейді. Садақа берген адам кімнің көмекке мұқтаж екенін білуі тиіс.
Муаз бин Анас Алла елшісінің сөзін жеткізеді: «Кім Алла үшін берсе, Алла үшін тыйым салса, Алла үшін жақсы көріп, Алла үшін жек көрсе, Алла үшін некелессе сол адамның сенім шыңын бағындырғаны» (Тирмизи, «Кыямат», 60 / 2521).
Алла Тағала қандай маңызды болса да шынайы ниетсіз жасалған істі құптамаған. Аз істің, кішкентай істің өзіндегі шынайылық жоғары бағаланады. Алла елшісі: «Сенімде шынайы бол! Егер қолыңнан келсе кішкентай істің өзі саған жеткілікті болады»-деген. (Хаким, IV, 341 / 7844).
Тақуа адам шынайылықтың жан мен тәннің маңыздылығындай маңызды екенін білуі тиіс және Алланың разылығы үшін әр ісі мен сөзінде шынайы болғаны қажет. Бұл әсіресе Аллаға деген сенімде, Оның елшісі мен Кітабына деген сенімде маңызды рөл атқарады.
Осы қасиетті меңгерген адам сенім шыңына жетіп, Ислам нәрімен сусындайды. Әрдайым көңілі тыныш. Шынайылықта көп пайда бар. Құранда: «Жаза тек Алланың шынайы құлдарына жетпейді»-делінген. («ас-Саффат» сүресі, 37 / 40).
Шынайылық адамды өтірік айтудан, адасудан. Жамандықтан сақтайды. Шынайы адамның ой-ниетін, тілегін де Алла қабыл етеді. Көптеген хадистерде шынайылық құлшылық пен зікір сыйының шарты ретінде аталады: «Шынайы ниетпен жасау» (Бухари, «Ильм», 49); «Сауап барына сену, оны тек Алладан күту, яғни шынайы ниет» (Бухари, «Иман», 25).
Хадтисте: «егер Жаратушының құлы үлкен күнәлардан сақтанып, тура жолмен жүрсе, шынайы түрде: «Лә иләха иллаллах» — «Алладан басқа Тәңір жоқ» деп айтса, оған көк есіктері ашылып, бұл сөздері әл-‘Аршаға, Алла тағына дейін жетеді»-делінген. (Тирмизи, «Дават», 126 / 3590).
Шынайылық, ниеттің туралығы, жүректің тазалығы әр адамға осы өмірде тыныштық сыйлайды, тозақтық болудан сақтайды. Шынайылығы жоқ адамның өзі де бірте-бірте жасандыққа, жалғандыққа сене береді.
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Әмина Омарова
Пікірлер