Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымыздың немересі
11 маусым, 2015 жыл 878 Басып шығару нұсқасы
Хазреті Мұхаммед Бақыр әһли бәйттен (пайғамбарымыздың ұрпағынан) хазреті Хусейннің немересі және үлкен ғалымдардан болған.

         Бір күні сахабалардан хазреті Жабирдің жанына барады. Хазреті Жабирдің кәрілік халімен көздері көрмей қалған еді. Мұхаммед Бақырдың сәлемін алғаннан кейін “Сен кімсің?” деп сұрады.


– Мұхаммед бин Әли бин Хусейнмін


– Ей расулуллаһтың немересі жаныма кел!


Мүсафаха (қолын алып) жасап көріскеннен кейін:


– Расулуллаһ маған айтқан еді: «Ей Жабир! Сен менің балаларымнан біреуін көріп сөйлескенге дейін өмір сүресің. Баламның аты Мұхаммед бин Әли бин Хусейн. Аллаһу та’ала оған нұр және хикмет береді. Оған менен сәлем айт!»


         Хазреті Жабир аманат болған бұл сәлемді иесіне жеткізгеннен кейін біраз күннен соң қайтыс болды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары