Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Біздің нәпсіміз үшін ең ауыр іс қандай?
10 маусым, 2015 жыл 361 Басып шығару нұсқасы

 coins_15Нәпсі үшін ең ауыры – шындыққа «Иә» деп жауап беру. Әл-Хикамуль-Атаиййа: «Екі істен нәпсіңе ауыр келетінін таңда. Себебі дұрысы нәпсіге ауыр келетіні»-деген. Хадистердің бірінде: «Ең жақсы іс нәпсі үшін бәрінен ауыр болатыны»-делінген.


Ауыр істерді атқару нәпсі үшін қиын және оны әлсіретеді. Дәл сол нәпсіні әлісеретіп, жеңу үшін бізге құлшылық ету бұйырылған. Себебі нәпсі адамның жауы. Адам әр істе нәпсісіне неғұрлым аз ерсе, соғұрлым ол істің пайдасы болады. Яғни адам Алланың разылығын алады.


Құранда нәпсі қалауы адамды Алланың жолынан жаңылыстыруға қабілетті екені айтылған. Өйткен нәпсі адамның Алла Тағалаға үнемі құлшылық етіп, бұйырғанына бой ұсынуына мүмкіндік бермейді. Нәпсіге еру – әр істе соған бағыну дегенді білдіреді.


Әбу Бәкір Тамистани: «Нәпсіге ермеу - бұл өмірдегі ең үлкен жақсылық болып табылады. Себебі нәпсі Алла Тағала мен құлының арасындағы перде»-деген. Сахл Ибн Абдулла ат-Тустари: «Ең құнды құлшылық - нәпсіге ермеу»-дейді.
Алла елшісі ұзақ бір хадисінің соңында: «Үш нәрсе адамды құртады, бұл: сараңдық, нәпсіге еру және масаттану»-деген.


Нәпсіге еріп, тәубеге келмей, кешірім сұрамай, Жұмақтан үміттену – нағыз ақымақтық емес пе? Бір хадисте: «Өз нәпсісін бақылау және ақыретке дайындалу – ақылдылық белгісі. Ал нәпсіге еріп, Алланың мейірімділігі мен кешірімін күту – ақымақтық белгісі» -делінген.


Өзінің нәпсісіне үнемі еретін адам Исламнан алыстай береді. Ислам діні пайда әкелетін, өмір сүруге қолайлы жағдайды іздеуге тыйым салмайды. Тек осы жақсылықтар мен артықшылықтарды іздеу, пайдалану кезінде дін талаптарын орындауды бұйырады.


Ислам адамның бейбітшілікте, тыныштықа өмір сүргенін қалайды. Бұл о дүниеде де жақсылық болмақ. Осы себепті де Ислам нәпсіні тыйып, ақылға салып іс жасауды бұйырады. Алла адамға ақылды сол үшін берген. Хадистердің бірінде: «Сендердің ақырет туралы білетіндеріңді жануарлар білгенде сендер тамақтануға ет таппас едіңдер»-делінген.


Нәпсі улы дәріге тең. Бұл дәріне дәрігер кеңесіне қарай қолданатын адам ем табады, ал теріс пайдаланатын адам көрін дайындайды. Адамның нәпсімен күресуі де сол сияқты. Дүние құмарлығында дін үкімдерін сақтау сауап әкелсе, нәпсіге еру – қайғыға душар етеді.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары